Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2025
- 709
– Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.
Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді.
Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, Асанәлі Әшімұлы бүгін 89 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында өмірге келген.
Ұқсас жаңалықтар
12 наурыздан бастап айыппұл «автопилотқа» көшеді
- 5 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




