Өмір осы...
Ақ ұлпаға малынып тұр алып бақ,
Құс ұшады көкке қарай шарықтап.
Жапалақтап жерге қарай ақ күміс,
Қонып жатыр баяу ғана қалықтып.
Әлем мынау аппақ көрпе жапқандай,
Ағаш біткен ақ орамал таққандай.
Бір топ бала ойнап жатыр аулада,
Еш алаңсыз, көңілдері ақ қардай.
Шулап бәрі мәз болады қар ұстап,
Біздерге де сондай әсем таныс бақ.
Бала күнім түсіп кетті есіме,
Бұл біздерден артта қалған алыстап.
Өмір осы – аңсау менен арбасу,
Қыс келгенде ойға шомып, қар басу.
Жастар келе жатыр әне соңыңнан,
Ал ендеше біз аспаған бар ма асу?
Әлия ЖАҚСЫБЕКОВА
ардагер ұстаз
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




