Адамдардың аманат күрсінінен,
Замандардаң алапат дүрсілінен.
Сый ғып берген тәңірім Тәуелсіздік,
Мен сенің қадіріңді үнсіз білем.
Азаттықтың ақ таңын көрген жерім,
Қасиетіңе қанық-ау барлық сенің.
Бұғауынан босандың бодандықтың,
Тынысыңды еркін ал, көсіл елім!
Армысың, бақ әкелген тәтті сыйым,
Әр жүректе жандырған үміт нұрын.
Арқалаған сан ғасыр аманатын,
Еркіндігім, теңдігім жырым үнім.
Қиындыққа мойымай елім бүгін,
Өркендеуде, өсуде, алып ілім.
«Қазақпын» деп еңсесін тік ұстаған,
Азамат көтеруде нардың жүгін.
Тәуелсіздік тәу етер жырым менің,
Танытқан азаттықтың шын керегін.
Бой алдырма, қазағым, босаңсыма,
Қорғасындай нық болсын сенімдерің.
Тұғырың биік болсын, Тәуелсіздік!
Сыйлаған жаңа сенім, жаңа үміт.
Бақытқа жетелеген ұрпақтарың,
Босағасын ұстайды берік қылып.
Шәкизат ШОНТАЕВА
мұғалім
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




