Қазақ десең есіме,
Түседі бірден Ұлы Абай Шығыс жақтың тумасы,
Ибраһим еді есімі.
Зере әже байқады,
Ақылы менен данасын,
Зерек болған баланы,
Еркелетіп «Абай» деп,
Атап кетті әжесі.
Әкесі оның Құнанбай,
Заманында даңқты,
Билік еткен дара адам.
Өмірге оны әкелген,
Ұлжан Ана ерекше,
Ақылы менен көркі де,
Бір-біріне сай адам.
Ұлы Абай даңқты,
Ұстаз, ақын, философ,
Ағартушы, сазгер де,
Аудармашы, би болған.
Әлеуметтік жағдайын
Көтеруге халықтың,
Ат салысып билікте,
Ел басқарған дара адам.
Ғылым менен білімге,
Қарапайым халықты,
Баули алған дана адам.
Ұят пен арды бәрінен,
Биік қойған Ұлы адам.
Мәдениетін әлемнің,
Шығыс пенен Батыстың,
Жетік білген сән адам.
Қаншама сырлы поэзия,
Қара сөз бен поэма,
Жаза білген Ұлы адам.
Ұлы Абайын қазақтың
Бір өлеңменен сипаттау,
Мәртебесі тиіпті.
Ізіменен Абайдың,
Жүріп келем аянбай,
Кім десеңіз – мен болам,
Ердәулет деген жас ақын!
Ердәулет БОЛАТЖАН
Қ. Тұрысов атындағы №53 мектепгимназиясының 5-сынып оқушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




