Қастерлі мерекемен құттықтаған мектеп-гимназия директоры Қиял Абитова егемен ел болудың маңызын, халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы күресін ерекше атап өтті.
– Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні осы егемендік үшін құрбан болғандарды еске алып, өткенге салауат, бүгінгіге шарапат тілер қасиетті күн. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл күн – елін, Отанын сүйген жастардың жанқияр ерлігі мен ұлт болып ұйысқан елдің жеңісі. Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемге танылған, болашағы жарқын, бейбіт елге айналды. Біздің міндетіміз – осы егемендікті көздің қарашығындай сақтап, оны нығайтуға үлес қосу. Жас ұрпақ – ел ертеңі. Жас жеткіншектеріміздің білімге құштарлығы, туған жерге деген сүйіспеншілігі – Тәуелсіздігіміздің берік тірегі. Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке, елімізге бейбіт өмір мен тұрақты даму тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын, – деді Қиял Шәріпханқызы.
Мерекелік іс-шараға 8-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар Тәуелсіздікке арналған патриоттық әндер шырқап, жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Желтоқсан оқиғасына арналған сахналық көрініс көрсетіліп, сол бір тарихи сәттің әс ері жүректерде қайта жаңғырды. Ұлттық би, көркемсөз оқу, домбырамен күй тарту сынды өнерлері көрерменнің көңілінен шықты.
«Тәуелсіз ел – тұғырым» атты шығармашылық көрмеге оқушылардың суреттері мен эсселері қойылды. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатты. Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясының ұжымы Тәуелсіздіктің қадірін терең ұғындырып, өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуді мақсат етті.
Қарлығаш ҚАПАРОВА
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




