Осы мақсатта бүгін Шақпақ ауылдық округіндегі №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектепте «Нашақорлық – шын қорлық» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге нашақорлықтың зиянын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіптің алдын алу.
Кездесу барысында нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілді қажет ететіндігі ерекше атап өтілді. Есірткі таратудың әлемдік деңгейде өршіп тұрғаны, бұл қатердің Қазақстанды да айналып өтпегені сөз болды. Мемлекет тарапынан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жүйелі саясат жүргізіліп, арнайы бағдарламалар іске асырылып жатқаны туралы мәліметтер берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға қатысушылар қазіргі уақытта қоғам болып бірігіп, осы індеттің алдын алуға күш салу қажет екенін атап өтті. Жастар арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы, кең ауқымды акциялар, дөңгелек үстелдер мен профилактикалық кездесулерді тұрақты өткізу керектігі де айтылды.
Кездесу барысында нашақорлық фактілерін дер кезінде анықтап, тиісті шара қолданудың маңыздылығы, сондай-ақ бұл әрекеттердің жалпы қоғамдағы есірткі таралуын азайтуға әсер ететіні туралы пікірлер ортаға салынды.
Іс-шара соңында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Жастар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды зиянды әдеттерден сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау. Шақпақ ауылдық округінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Ұқсас жаңалықтар
Жасыл желекке бөлінген қаржы далаға кетті ме?
- Бүгін, 05:29
Күмбез кімнің көзіне күйік болды екен?
- Бүгін, 05:16
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




