Бұл күнгі бағдарлама да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасылық тұрақтылықты нығайту және тұрғындардың психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Отбасылық шиеленістердің алдын алу, тұрмыстық зорлықзомбылықтың таралуына жол бермеу, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы шақырылған білікті мамандар қатысып, тұрғындарға практикалық кеңестер мен нақты әдістемелік бағыттар берді.
Семинар-тренингте тренер-коуч, отбасылық психолог, Ақбаян Жақыпова «Отбасылық шиеленістердің алдын алу технологиялары» тақырыбында қатысушыларға отбасындағы жанжалдардың туындау себептері мен оларды дер кезінде басқарудың тиімді жолдарын түсіндірді. Тақырыпты толық аша отырып, эмоционалдық күйді реттеу, агрессияны бақылау, ата-ана мен бала арасындағы дұрыс коммуникация орнату, сондайақ дау-дамайдың өршуіне жол бермейтін психологиялық тәсілдер туралы тәжірибеге негізделген кеңес берді.
Жиын барысында М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығының төрағасы Бақыт Әлмұратов «Қазіргі заманғы отбасы: әлеуметтанулық және психологиялық зерттеу аспектілері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Айта кету керек спикер қазіргі қоғамдағы отбасы моделінің өзгеру динамикасын ғылыми тұрғыдан саралап, әлеуметтік орта, экономикалық ахуал, цифрлық коммуникация және құндылықтар трансформациясының отбасылық қатынастарға әсерін жан-жақты талдады. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алуына ықпал ететін әлеуметтік факторларды нақты деректермен түсіндіріп, қоғамдағы қауіпсіз отбасы моделін қалыптастыру үшін жүйелі зерттеулер мен кешенді қолдау тетіктерінің маңызын атап өтті.
Семинар-тренингтен соң қатысушылар үшін шағын кофе-брейк ұйымдастырылып, еркін пікір алмасу, мамандарға сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Жиын соңында белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелік суретке түсті.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




