Сондай-ақ, сотты болғандарға қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертіледі.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті дәл осындай іс-шара ұйымдастырылды. Мекеме әкімшілігі мен «Мансап» орталығы бірлесе өткізген шара барысында 1991 жылы туылған ер адамға құқықтық көмек берілді. Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алған 34 жастағы азамат 2020 жылы сот шешімімен Қылмыстық Кодекстің 188-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылған.

Шара барысында оған «Мансап» орталығының қызметкерлері мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар жөнінде толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ мамандар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, бастау-бизнес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы да кеңінен айтты. Өз кезегінде жазасын өтеушіні қақпа алдынан шығарып салған ҚАЖ қызметкерлері сотты болған азаматқа қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




