Пернебай Дүйсенбиннің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша Алматыдағы «Ана тілі» баспасынан «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» атты көлемді қиял-ғажайып ертегі хикаяттары жарық көрді. Жинақта автордың әр жылдары республикалық, халықаралық конкурстарда оза шауып бәйге алған алты туындысымен өзге де озық шығармалары енгізілген.
Сонымен бірге соңғы республикалық «Құлагер» бәйгесінде мифофантастикалық жанр бойынша жүзден жүйрік шыққан «Ақбоз, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян» хикаяты жинақтың ажарын барынша ашып тұрғанын айта кеткеніміз артық болмас. Қазіргідей барлық бала қалта телефонға телмірген уақытта, жас ұрпақты ертегі тыңдатып, танымын ұлғайту, оларды кішкентайынан кітап оқуға баулу аса өзекті. Жазушы қиялынан туған шығармалардың балалар әлеміне ерекше әсер ететіні даусыз. Себебі, осыдан қырық жыл бұрынғы жас бүлдіршіндер Пернебайды қалай қызығып оқыса, қазіргі оқушылар да қаламгердің туындыларынан бас алмайды.
Бұл – жазушының шеберлігі. Қаламгердің осы күндерде де ізденісін тоқтатпай, қаламына қайрат беруі жас оқырманның олжасы. Сонымен бірге оңтүстік астанамыздағы «Кітап Баспасы» баспасынан жазушының кезінде жас оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болған, осыдан тура қырық жыл бұрын отыз мың данамен жарық көрген «Кішкентай генералдар» повестер жинағын, сондай-ақ осыдан екі жыл бұрын жарық көрген өзгеше құрылымды «Өмір-иірім» роман-мозайкасы баспа басшылығы өздерінің ұсыныс ынтасымен қайтадан басып шығарды.
Жазушы қаламынан туған жаңа кітаптар республика кітапханаларына, ынта білдірген оқу орындарына, бірнеше сауда мекемелеріне таратылады. Аталған маңызы жоғары кітаптарға қай талаптан да сұраныс көп боларына сенімдіміз. Талантты қаламгердің жаңа туындысын оқуға асығыңыздар, төреші – оқырман!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




