Шараның құрметті қонағы – ұлттық киім мен сән саласында табысты еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкер, халықаралық деңгейдегі ұлттық нақыштағы дизайнер, Республикалық «Дәстүрге жол» қазақ аналары қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрабаева Гулфайруз Сәрсенқызы болды.
Ол жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін мол тәжірибесімен бөлісті. Қонақ өз шеберханасының жұмысымен таныстырып, дәстүрлі ұлттық киімдерден тұратын көркем дефиле ұсынды.
Кеш барысында оқушылар қазақтың төл өнерін насихаттап, күй мен дәстүрлі әндер орындады.
Жас оқырмандар дизайнерге қызықты сұрақтарын қойып, кең көлемде ақпарат алды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай безендірілген кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер таныстырылды.
Жанат Әуелева,
Ақпараттық - библиографиялық секторының меңгерушісі
Ұқсас жаңалықтар
Әйелдің психикалық саулығы - отбасының бақыты
- 12 ақпан, 2026
Кәсіподақтар тек талап қоюшы емес
- 12 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




