Алғашқы бөлімде өнерпаздар күзгі әуендерімен көпшіліктің көңілін баураса, «Ең үздік киім үлгісі» бөлімінде қатысушылар күздің әсем бояуын, табиғаттың үйлесімді сәнін түрлі-түсті көйлектер, костьюмдер арқылы ерекше стильде көрсетіп, жиналғандарды тәнті етті.
Үшінші бөлімде бақ сынаушылар жеміс-жидектер мен көкөністерден әзірленген себеттер ұсынып, күздің молшылығы мен берекесін көрсетті. Кеш барысында Орталықтың «Интрига», «Жетіген», «Өрлеу» би топтарының өнері мерекелік шараның ажарын аша түсті.
Байқау соңында орталық директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Баян Оразбекова қатысушыларға алғыс білдіріп, үздік өнер көрсеткен «Күз патшайымы» Назима Абдекованы, І орын алған Роза Садықованы, ІІ орын тұғырынан көрінген Бермет Құрманқұлованы, ІІІ орын иеленген Зәуре Тойшыбекованы алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанат ӘЛІМҚҰЛОВА
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қазақ тілі нұсқаушысы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




