«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңбек адамына деген құрмет бір жылмен шектелмейді

Еңбек адамына деген құрмет бір жылмен шектелмейді
Автор
Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылында еңбек адамының беделін көтеруді мақсат еткен іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, Мойынқұм ауданында әр бағыт бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп отыр. Жүзеге асырылған істердің өзектілігін қоғамға таныту мақсатында ауданда атқарылған жұмыстар туралы жазғанды жөн көрдік.

Аудан халқының игілігі үшін еңбек етіп жүрген, өз саласында адал қызметімен із сала білген мамандар Мойынқұм ауданының медиа орталығының алаңында көпшілікке таныстырылуда.

– Еңбеккерлер есімін елге таныту мақсатында бірнеше бағыттар бойынша арнайы репортаждар дайындалып, халық назарына ұсынылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың айрықша өзектілігін алға тартып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы орайда Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Адал еңбектің ардагерлері» тақырыбында 2 акция ұйымдастырылды. Оған 15 жас қатысып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Атаулы жылға орай «Жылы жүректен» тақырыбында бірнеше акциялар өткізілді. Кеңес ауылдық округінде «Еңбектен тапқан бақытын» атты ұстаздармен кездесу өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар – асыл жандар» тақырыбымен түрлі салада жұмыс істейтін қыз-келіншектерге, аналарға хош иісті гүлмен, сұлулық салонына бір күндік сертификат табыс етілді. Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастыруымен қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай, сондай-ақ 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтары жылы болып жариялануына байланысты «Еңбектен тапқан бақытын» тақырыбында облыс әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің әдіскері Гулмира Дүйсебаевамен сұхбат жүргізілді. Сол секілді аудандық Жастар ресурстық орталығы «Еңбек адамы» тақырыбында Мойынқұм ауылының тұрғыны тракторист, машинист Ербол Базылбековты Еңбек күнімен құттықтап, сый-сияпатын тарту етті. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын Еңбек күні мерекесіне орай ауданымыздың адал еңбегімен дараланған азаматтары марапатталды. Атап айтсақ, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының көлік жүргізушісі Орман Усибалиев, тігінші Қарлығаш Құлымбетова аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал «Мойынқұм су-жылу» мекемесінің дәнеркерлеуші-қызметкері Ыхтияр Нұрбековке, осы мекеменің көлік жүргізушісі Бауыржан Төлебаев, Мойынқұм аудандық өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері – Ержан Аухабаев, Сайлау Тұрғынбекке аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етіліп, еңбектері бағаланды. Еңбек адамдары қашанда құрметке лайық. Қоғамның дамуына үнсіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегі лайықты түрде бағаланып отыр деп ойлаймын, – дейді аудандық медиа орталығының басшысы Айдос Қосыбай.

 Адамды есейтетін де, елеулі ететін де – еңбек. Еліне қызмет етіп, барын сала еңбектеніп жүргендер әрдайым абыройға кенелері ақиқат. Оларға көрсетілер құрмет бір ғана жылмен шектелмесі анық.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Мойынқұм ауданы

Ұқсас жаңалықтар