Осындай өркениеттік өзгерістер кезеңінде жоғары оқу орындарының рөлі бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Өйткені жаңа заман маманы – тек теориялық білімге ие емес, технологияларды терең меңгерген, жаңа жағдайға тез бейімделетін, инновация енгізе алатын тұлға. Ал мұндай мамандарды даярлау үшін университеттердің өздері де жаңа модельге өтуі тиіс.
Қазақстандағы бірнеше жетекші оқу орындарының қатарында осы бағытта ерекше серпін көрсетіп, өңірдің ғана емес, елдің цифрлық дамуына үлес қосып отырған оқу орны – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті. ХТУ соңғы жылдары қарқынды жаңғырып, заман талабына сәйкес технологиялық және ғылыми инфрақұрылымды қалыптастырды. Университет ұжымы жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды басты миссия ретінде айқындап, білім беру бағдарламаларын терең реформалауға кірісті. Бұл реформалар нәтижесінде университеттің ғылыми әлеуеті артып, студенттерге әлемдік цифрлық кеңістікте сұранысқа ие білім алу мүмкіндігі туды. Цифрлық мәдениет қалыптастыру, инновациялық ойлау дағдыларын дамыту – ХТУ-дың стратегиялық даму бағытының негізгі өзегі.
Жоғары оқу орнының қабырғасында құрылған IT-кластер бүгінде білім, ғылым және инновацияны бір арнаға тоғыстырған ірі орталыққа айналды. Бұл кластер инженерлік зертханалардан бастап, студенттік стартаптарға дейінгі кең экожүйені қамтиды. Оның мақсаты – студент пен оқытушының ғылыми идеяларды өндіріске енгізуге, практикалық жобалармен айналысуға, ITтехнологияларды нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік беру.
ХТУда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Информатика» бағыттарындағы бес білім беру бағдарламасы заман талаптарына толық сәйкестендіріліп, халықаралық тәжірибеге бейімделген. Компьютерлік инженерия, ақпараттық жүйелер, қос дипломды Computer Science сияқты бағыттар жаңа буын IT-мамандарын дайындаудың негізгі платформасына айналды. Университеттің зертханалары үздік технологиялармен жабдықталған. Робототехника, 3D және UV баспа, виртуалды және толықтырылған шындық, инженерлік модельдеу бағыттары бойынша заманауи оқу орталықтары құрылған.
Бұл орталықтарда студенттер тек тәжірибе жасап қоймай, ғылыми жобалардың нақты нәтижелерін шығарып, өз инновацияларын жүзеге асыруда. IT Академия аясында жасөспірімдер мен студенттерге жасанды интеллект, Python бағдарламалау, графикалық дизайн, робототехника бойынша курстар өткізіліп, аймақ оқушыларының цифрлық сауатын арттыруға кең мүмкіндіктер жасалған. Ал Drone Академия дрондармен жұмыс істеуді үйретіп, оларды ауыл шаруашылығы, мониторинг, картография, қоршаған ортаны бақылау салаларында қолдануды меңгертеді.
Университет халықаралық серіктестікті де белсенді дамытып келеді. Huawei ICT Academy, Cisco Net working Academy платформаларында студенттер халықаралық сертификат алып, жоғары деңгейдегі білімге қол жеткізуде. Cloud Computing, Big Data, Cybersecurity сияқты бағыттар бүгінде әлемде аса қажет мамандықтардың бірі. Сонымен қатар TechOrda мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүздеген студент тегін оқып, IT саласына қадам басуда.
ХТУ-дың ғылыми әлеуетінің артуының жарқын дәлелі – «Жасанды интеллектке негізделген бейнелерді тану жүйесін зерттеу және әзірлеу» атты 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жоба. Бұл жобаға жас ғалымдар қатысып, нейрондық желілер мен компьютерлік көру технологиясын зерттеп, отандық ғылымға үлес қосуда. Мұндай жобалар студенттердің де қызығушылығын арттырып, оларды зерттеушілікке ынталандырады.
Студенттерінің республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктері университеттің білім сапасын айғақтайды. «Robotex-2024», «AITU KazRoboDrone 2.0» жарыстарында жеңімпаз болған командалар – ХТУ инженерлік мектебінің әлеуетін көрсетіп отырған нақты мысалдар. Студенттер ұсынған «Ақылды ауыл шаруашылығы», «Виртуалды тарихи гид», «Әлеуметтік деректерді талдау жүйесі» сияқты жобалар өңірдің нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен бірге студенттер өз кампустарына арнап «Болашақ кітапханасы», «AI-Гид», «Жатақхана ассистенті» сияқты жасанды интеллект жүйелерін әзірлеуде. Жасанды интеллект дәуірінде этикалық нормалардың сақталуы – университет үшін маңызды басымдықтың бірі.
ХТУ академиялық адалдық қағидаларын берік ұстанып, студенттерді AI технологияларын жауапкершілікпен пайдалануға тәрбиелейді. Сабақтарда AI құралдарын адал қолдану, дербес деректерді қорғау, алгоритмдердің әділдігі мен ашықтығы сияқты мәселелер кеңінен талқыланады. Оқытушы жаңа дәуірде студенттің менторы, бағыттаушысы, цифрлық мәдениетті қалыптастырушы тұлға ретінде қарастырылуда.
Бүгінде аталған университет өңірдің ғана емес, елдің цифрлық болашағын қалыптастыратын маңызды орталықтардың біріне айналып отыр. Университеттің ITкластеры, зертханалары, халықаралық серіктестіктері, студенттік жобалары мен ғылыми жұмыстары – жасанды интеллект дәуіріне жасалған сенімді қадам. ХТУ түлеп жатқан мамандардың арқасында Жамбыл облысы IT және жасанды интеллект саласында жаңа деңгейге көтеріледі деген сенім зор.
Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті бүгінгі таңда аймақтық оқу орнынан жаһандық цифрлық білім орталығына трансформацияланып келе жатқан беделді жоғары оқу орны. «Болашаққа – білім мен интеллект арқылы!» деген ұран университеттің даму жолын айқындап, жаңа дәуірдің талаптарына сай ұрпақ тәрбиелеудің негізгі бағытына айналды.
Марал ОҢҒАРБАЕВА
Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры.
Ғалия ЕРМАНОВА
Қыздар Ұлттық педагогикалық университеті.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




