Жырлаған жастайынан туған халқын,
Өнерге өрге жүзген болдың жақын.
Келместің кемесіне мінді дейді,
Алдыңнан жарылқасын, Күләш ақын.
Өкініш өзегіңді өртегендей,
Ұшырап қалғандайсың дертке нендей.
Сынады тағдыр сені сынаудай-ақ,
Күн кештің еш жамандық күтпегендей.
Түледің Үшаралдың мектебінен,
Қоштасып жастық дәурен көктемімен.
Ақыры атың мәшһүр ақын болдың,
Із қалды ізгілікті өткеніңнен.
Ұзақ жыл ойға шомып қалам тарттың,
Кіршіксіз кәсібіңнен бақыт таптың.
Ұялап қалғандай ғой әр жүрекке,
Шабытың шабысындай арғымақтың.
Не деген құдіретті, қасиетті,
Қайғырып келген жандар жасын төкті.
Шын ақын өлмейтіндей көрінеді,
Сабырмен жеңсек деймін қасіретті.
Ахметжан ҚОСАҚОВ
ардагер журналист
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




