Тереңөзек ұжымшарын соғыс басталысымен Бүбішира Исаева деген апайымыз басқарды. Осы ұжымшарды 10 жылға жуық басқарып, мемлекеттің тапсырмасын дер кезінде орындап отырды. Шаруашылықтың жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Бүбішира апамыз бірнеше рет мемлекеттік марапаттарға ие болды. Соның ішінде 1948 жылы «Ленин» орденімен марапатталды. 1950 жылдан бастап ауылдық кеңестің төрайымы болды. Көкарық ұжымшары комсомол жастар қызылша звеносының жетекшісі Күлішкен Мұсабекова үкіметтің жоғары наградаларына ие болып, екі рет «Ленин» орденімен марапатталды.
Совет одағы ауыл шаруашылығының үздігі атанды. «Восток» ұжымшарының қызылша звеносының жетекшісі Баршын Бетегенова ерен еңбегінің арқасында үкіметтің жоғары наградаларына ие болып, Қазақ ССР-нің бірінші және екінші сайланған Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Сол сияқты осы шаруашылықтың тағы бір звено жетекшісі Бибі Нұрақаева жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін «Ленин» орденімен марапатталды. Тағы бір атақты апамыз Бүбіқали Жұмаханова 10 жыл бойы Қазақ ССР орталық атқару комитетінің мүшесі болды, кейіннен «Еңбекші» ұжымын басқарды. Луговой станциясының тұрғыны Жабира Жүсіпова соғысқа кеткен күйеуінің орнына паровоз машинисті болып 10 жылдан аса еңбек етті.
Еңбегі жоғары бағаланып «Ленин» орденімен марапатталды. Басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады. Сондағы айтпағым, елдің басына күн туып, қиын-қыстау заман болып, еркектер майданға аттанған кездегі қыз-келіншектердің еңбегін ұмыттық. Еш жерде айтып, жазып жүрген жоқпыз. Бірде бір апамыздың атында көше, мекеме, тіпті ескерткіш тақта да жоқ. Ұлы Жеңістің 50-60 жылдарына арналған медальдар болды, бірақ соның бірде біреуі әйелдерге берілген жоқ. Еңбек еткен апаларымыздың орнына 1930, жылдары дүниеге келген еразаматтарға тыл еңбеккері деген медальдар берілді.
Бұрыннан жүрген жерімде айтып, әр түрлі деңгейдегі газеттерге жазып та жүрмін, бірақ сөзім еленген емес. Осындай еңбек еткен апаларымыз Тұрар Рысқұлов ауданында ғана емес, басқа да аудан, ауылдарда болғанын ескерген жөн. Менің ұсынысым, ауылдағы барлық мектептерде, әкімшілік ғимараттарында соғыс кезінде еңбек еткен әйелдердің еңбегін дәріптейтін кішігірім музейлер ашылса, сонда қазіргі ұрпақтары өз әжелерімен мақтанып жүретін еді. Патриоттық тәрбиенің нағыз түрі осы деп ойлаймын.
Москау НОКРАБЕКОВ
ардагер журналист.
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




