Осындай мақсаттағы экскурсияны жақында осы мектептің алғашқы әскери және технологиялық пәнінің жетекшісі Жалғас Исақов 10 «А» сынып оқушыларымен ұйымдастырды. Жеткіншектерді М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің әскери кафедрасына алып барған мұғалім оқушыларын ондағы түрлі қару-жарақтармен, әскери тәртіппен таныстырды.
– Еңбек пен ерлік қатар ұғым. Балаларды еңбекқорлыққа баулумен туған елінің мүддесі үшін кез келген жағдайда ерлік көрсетуге тәрбиелей аламыз. Ерлік тек майданда ғана болмайды. Отаны үшін аянбай еңбектену де ерлікке баланады. Мектебіміздің жоғары сынып оқушыларын университеттің әскери кафедрасына экскурсияға апарып, ондағы барлық техникалармен таныстыруға көмектескен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы Абу Мұхтар Кенжеғалиұлына оқушыларымыздың атынан алғыс айтамын. Сонымен қатар оқушыларды жанжақты тәрбиелеуге қажетті іс-шараларды ұйымдастыруға үнемі қолдау көрсетіп отыратын мектебіміздің директоры Сабыр Мұраталиевке ризашылығымызды білдіреміз. Оқушыларымыз университеттің әскери кафедрасында АК74 Калашников автоматын бөлшектеп, шашып, жинады және атып, жаттықты, – дейді Қ. Сартбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Жалғас Рәпілбекұлы.
Айта кетелік, 10 «А» сынып оқушылары өнер-білімге құштар, еңбекқор, мектептің өзге де қоғамдық жұмыстарында өте белсенді. Олар әскери кафедрада өткен экскурсияда ондағы оқытушылардың берген мәліметтерінен біраз нәрсе үйреніп, тәжірибе алғандарын айтты. Бұл іс-шара мектеп ұжымының тәрбиелі де білімді тұлға жетілдіруде бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтіндерін аңғартты.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – басты назарда»
- 26 ақпан, 2026
Тауар белгісін тіркеу жеңілдетілді
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




