Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар
- author «Ақ жол»
- 8 қараша, 2025
- 319
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген жануарлардың аса қауіпі ауруларының тізбесіне енгізілген ауруларға, берілетін вакциналарды егу, белгілі бір аумақта жиі тіркелетін энзоотиялық ауруларға қарсы вакцина егу және бруцеллез, туберкулезге қарсы диагностикалық тексеру іс-шаралары бекітілген жоспарға сәйкес мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.
Мысалы: сібір жарасы, аусыл, қойдың күлі, оба және тағы басқа жануарлардың аса қауіпті ауруларына және бруцеллезді, туберкулезді тексеру ветеринариялық іс-шаралары тегін жүргізіледі. Аталған бағытта 2025 жылдың қорытындысымен мемелекеттік тапсырысқа сәйкес вакцина егу бойынша барлығы 16,5 миллион және диагностика бойынша 5,6 миллион ветеринариялық іс-шаралар атқарылуда. 2026 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар бойынша барлығы 16,3 миллион вакцина егу, 5,4 миллион диагностикалық жұмыстар жоспарланды.
Мемлекеттік тапсырыс тізіміне енгізілмеген ауруларға ветеринариялық іс-шаралар «Облыстық ветеринариялық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен бекіткен прейскурант арқылы жүргізіледі. Ветеринария саласында ақылы қызмет аясында жануарларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан емдеу, акушерлік көмек көрсету, хирургиялық ота жасау, жануарларға биостерилизация жасау және паразитологиялық аурулардың алдын алу, емдеу жұмыстарын жүргізу, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау жатады.
Аталған ақылы қызметтердің барлығы мал иелері есебінен жүргізіледі. Жергілікті аймақта ветеринариялық бөлімдердің мал дәрігерлері ақылы түрде малды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет түрлерін де көрсетеді. Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» бөлімінің сенім телефоны: 8 (7262) 54-65-95.
Ануарбек ҚАЛТАЕВ
облыс әкімдігі ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




