Бұған дейін екі аралықта ескі көлік қатынаған еді. Ол көлік жиі бұзылатын. Қыс уақытындағы жағдай айтпаса да түсінікті. Кей кездері ауыл тұрғындары оқушыларды Қызыләуітке жеңіл көлік жүргізушілеріне қолқа салып, тасымалдаған кездер де болды. Ара-тұра кездескен қиындықтардың барлығын осы бір сүйінші жаңалық ұмыттырып жіберді. Жаңа көліктің берілгеніне оқушылар ғана емес, ата-аналарда үлкен ризашылығын білдіріп, қуанып жатыр. Мектептің меншігіне тапсырылған су жаңа «ГАЗель» 16 орынға шақталған.
– Оқушылар тасымалына арналған көлік облыс әкімдігі білім басқармасы тарапынан бөлініп отыр. Аудандық білім бөлімі арнайы келіп тапсырды. Қазір Ақтөбе бастауыш мектебін бітірген 7 оқушы бар. Алдағы жылдары оқушылар саны да көбейе түспек. Бұл ауыл мектебі үшін үлкен жаңалық болып отыр, – дейді М. Қыстаубайұлы атындағы орта мектептің директоры Сәбит Төленді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




