Форумда «Қыз көші» керуені көпшіліктің назарын өзіне аударып, ұзындығы 5 метр, 20 сантиметр болатын сәукеле тіптен, таң қалдырды. Ерекше сәукеле дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Жалпы салт-дәстүрімізде сәукеле – қазақ қызына деген ыстық ықыластың, сүйіспеншіліктің белгісі.
Арнайы алтын-күміс, асыл тас, моншақтармен көмкеріліп, бағалы аң терісінен тіктірілген. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісова, осы бірлестіктің облыстағы төрайымы Гүлфайруз Сәрсенқызы, сондай-ақ төрайымның кеңесшісі Ерсін Қалабайқызы осынау іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Тағы бір айтары, Мойынқұм ауданында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы салтанатты түрде ашылды.
Жиынға қоғамдық бірлестік басшылары мен ақ жаулықты аналар қатысты. Бұл күні арнайы көрме қойылып, аналар ансамблі өнерлерін ортаға салды. Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Берікұлы филиалдың ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Осымен бұл бірлестіктің бес ауданда филиалы ашылып отыр.
Бақтыгүл ӘБДІБАЙҚЫЗЫ
зейнеткер,
көпбалалы ана.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




