Облыста алғаш рет ұйымдастырылған бұл байқау өндіріс саласының мамандары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін көтеру, тәжірибе алмасу, үздіктерді анықт ау және насихаттау, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби жолын айқындауға көмек көрсету мақсатын көздеді. Байқаудың ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Айбар Сапарғали осындай іс-шаралар арқылы жұмысшы мамандардың шеберлігін шыңдау негізге алынғанын айтты.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйе сінің басты бағыты – еңбек нарығының сұранысына бейімделген, тәжірибесі мол, бәсекеге қабілетті маман даярлау. Бұл мақсатта енгізілген дуалды оқыту жүйесі бүгінде кәсіптік білім мен өндірістің өзара серіктестігін нығайтып келеді. Осы идеяны негізге ала отырып ұйымдастырылған байқау – өндіріс маманы, өндірістік оқыту шебері және студенттің бірлескен кәсіби тәжірибе алаңы болды.
– «КәсіпSKILLS» кәсіби шеберлік байқауы жай ғана сайыс емес, бұл – еңбек адамының мерекесі, өз ісін сүйетін мамандардың бәсекесі. Мұнда қатысушылар өз қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, жаңа тәжірибе алып, болашақ кәсіби жолдарын айқындайды. Қазіргі т аңда кәсіпкерлік пен өндіріс саласына білікті, тәжірибелі мамандар ауадай қажет. Сондықтан жұмысшы мамандардың еңбегі – өңіріміздің экономикалық дамуының, ел болашағының кепілі. Облыстық Кәсіпкерлер палатасы әрқашан еңбеккерлермен бірге, біз колледждермен, өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Біздің ортақ мақсатымыз–жастардың кәсіптік дағдыларын арттыру, оларды нақты еңбек нарығына дайындау. Сондықтан бүгінгі байқауға қатысушылардың әрқайсысы жеңімпаз. Ең бастысы – үйрену, даму, алға ұмтылу. Еңбеккерлердің табысы – бәріміздің ортақ жетістігіміз, – деді «Атамекен» кәсіпкерлік басқармасының басшысы Еркін Атымтай.
Байқау барысында теория мен практиканы ұштастыру, өндірістік ортада нақты тапсырмаларды орын д ау, студент, шебер және өндіріс маманының бірлескен жұмысы жүзеге асырылды. Байқау 4 құзыреттілік бойынша облыстағы құзыреттілік орталықтары бар, бірнеше колледждердің базаларында өтті. Атап айтқанда, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Жеңіл автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі, Тараз сервис және технология колледжінде «Аспаз ісі» құзыреттілігі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Дәнекерлеу ісі», «Наубайшы ісі» құзыреттіліктері бойынша өтті. Қатысушылардың жұмыстары сауатты да шебер орындалуына қарай бағаланып, әр құзыреттілік бойынша 3 жүлделі орынға лайықтылар іріктелді.
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша І орынды Тараз сервис және технология колледжінің командасы жеңіп алды. ІІ орын Құлан агротехникалық жоғары колледжі мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің командаларына бұйырды. Ал ІІІ орынның биігінен №3 Байзақ колледжі мен №9 Меркі колледжінің командалары көрінді. «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша І орынды №10 Шу колледжінің командасы, ІІ орынды Жамбыл индустриалдытехнологиялық колледжі мен №9 Меркі колледжінің командалары, ІІІ орынды Қаратау құрылыстехникалық колледжі мен Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің командалары иеленді.
«Жеңіл автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша І орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің командасы, ІІ орынды «Білім» кәсіби гуманитарлықтехникалық колледжі мен №9 Меркі колледжінің командалары, ІІІ орынды Қаратау технология, білім және бизнес колледжі мен Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің командалары олжалады. «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша І орын Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің командасына, ІІ орын №9 Меркі колледжі мен Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің, № 11 Сарысу колледжінің командаларына, ІІІ орын №3 Байзақ колледжі, Құлан агротехникалық жоғары колледжі, №7 Бетқайнар колледжінің командаларына бұйырды. Басқа да қатысушы командаларға Алғыс хаттар берілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




