Жиында халық қалаулылары Президент Жолдауындағы негізгі басымдылықтарға тоқталып, оны жүзеге асырудың, әсіресе жастардың қатысуымен басталатын істерде қандай мұраттарға сүйену керектігін айтып өтті. Жолдаудағы әлеуметтік салаға қатысты тақырыптарды тарқатқан Мұрат Әзімханұлы Цифрлық Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін айтып:
«Сіздерге елімізде көп мүмкіндіктер беріліп, қолдау көрсетілуде. Білім кеңістігінде, азамат болып қалыптасуларыңызға да даңғыл жол ашық. Бойларыңыздағы отаншылдық, патриотизм секілді асыл қасиеттердің мол болуы қоғамның дамуына да ықпал етпек. Өйткені Президент қоғамдық тәртіп төңірегінде де ой қозғады. Қоғамдық мәдениеттің қалыптасуы – зияткерлік жастардың қалыптасуы деп білемін. Жылдың басты құжаты мұрат еткен, алдымызға қойып берген міндеттеріне әр қазақстандықтың аса үлкен жауапкершілікпен қарайтыны анық. Жастарда ұсыныс, ынта, жігер, іскерлік басым болса, өзінің қатарларының лидері болса – ел дамуының қарқыны жоғары болады», – деді.
Бұдан соң сөз алған Кемел Әбденбаев Президент Жолдауда «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіре діншілдікті, әсіреұлтшылдықты қабылдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Олар Қазақстанды дамыған мемлекет ретінде көргісі келеді», – деді.
Менің ойымша осы тұс – жастардың рухын тағы бір көтергендей. Иә, қазір жанжақты интеллектуал. Бұл жасанды интеллектінің өмірімізге етене енуінің бір көрінісі. Заман көшінен қалмау үшін бұл жаңалықты, жаңашылдықты толыққанды қабылдауымыз керек. Ал білім мен тәрбиені ұштастыра білсеңіздер – ұтымды жолдан айнымайсыздар, – деді ол.
Жиын барысында студенттер де өз ойларын айтып, спикерлерге сауалдар қойып, білім көкжиегіне жетелейтін ұсыныстарын да жеткізді. Ашық алаңдағы – толымды пікір, ұсыныс алмасуымен қатар қала өміріне қатысты да мәселелер төңірегінде өрбіді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




