Осылайша, әуелі Қарағанды облысындағы Приозерск қаласында прапорщик мектебінде 4 ай оқып, кейін жоғары оқу орнын тәмамдаған ол лейтенант атағын алады. Мұнан соң командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, мәдени демалыс орталығының басшысы ретінде тер төгеді. 2023 жылы 54380 әскери бөліміне командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып ауысады. Шені өсіп, майор атанды. Ұжымында зор құрметке ие, қызметке деген құлшынысы ерекше майор – өз ісінің нағыз шебері.
Мемлекеттік қызмет Қиындығы мен қызығы қатар әскери салада өмірлік жарын кездестіргендер көп. Мұндай бақ бүгінгі кейіпкеріміздің де маңдайына жазылған екен. Келіншегі Бегзатпен десанттық шабуылдаушы бригадасында еңбек еткен жылдары табысқан. Бұл күнде олар түзде де, үйде де бірге. Үлкен қызы Әсел 8-ші, ұлы Қайсар 6-шы сыныпта оқиды. Сүт кенжесі Інжу – балабақшада.
– Келіншегім екеуміз 32363 десанттық-шабуылдаушы бригадасында бірге қызмет істедік. Жұмысымыз, бағытымыз бір болғандықтан тез тіл табысып, өмірді де бірге сүрейік деп шештік, – дейді Асхат Кемелбекұлы.
Айта кетейік, Бегзат Сұртаеваның да Отан қорғаймын деп әскери қызметке келуі бекер емес. Өйткені, екеуінің де атасы Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан. Кейіпкерімізбен жиырма жылдан астам бір салада қол ұстасып бірге келе жатқан Бегзат та отағасымен бірге қызмет істегенінің пайдасы зор екенін тілге тиек етті.
– Ағаларымның барлығы – әскери қызметшілер. Сол себепті осы саланы таңдадым. Ерлермен бірге әскери салада қызмет істеу оңай емес. Десе де, қиын әрі жауапты жұмысты таңдағаныма еш өкінбеймін. Жұмысым ұнайды. Отағасымен бір салада қызмет еткендіктен, бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Жұмысқа ерте жетіп, сапқа тұру керек. Түнде шұғыл шақыру болған кезде балаларымызды үйде қалдырып кетуге мәжбүрміз. Олар да әскери тәртіппен жүреді. Отағасы бүлдіршіндердің бойына бала кезден қауіпсіздік ережелерін сіңіріп қойған. Жұмыста погон таққан келіншек болғаныммен, үйде қазақтың келінімін. Әскери қызметте жемісті жұмыс істеп келе жатқаным, ата-анамыздың, отағасының зор қолдауының арқасы деп білемін, – дейді Бегзат.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




