«Жасанды интеллект жас талғамайды» тақырыбымен өткен басқосуда ардагерлер «ChatGPT» жасанды интеллектін қолдануды үйренді. Қариялар жаңа құралды пайдалану арқылы түрлі сұрақтарға жауап алып, оның тұрмыстағы, білім мен ақпарат алудағы пайдасын түсінді. Кейбірі бұл жаңалықты немерелерінің оқуына көмекші болатын құрал деп қабылдаса, енді біреулері тұрмыстық кеңесші ретінде тиімді екенін айтты.
Шараға Жуалы, Сарысу, Байзақ және Меркі аудандарынан келген 20 ардагер қатысты. Шара барысында ардагерлердің кеудесіне «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналған мерекелік медаль тағылды. Сондай-ақ партия әзірлеген «Баталар жинағы» кітабы естелік сыйлық ретінде тарту етілді. Жиын соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, бата берді.
«Медаль тағылғаны біз үшін зор құрмет. Оның үстіне баталар жинағын сыйға алғанымыз – ұрпаққа қалатын қазына. Осындай құрметке риза болып отырмыз», – деді балаша қуанып байзақтық Исағали ақсақал.
«Ауыл» партиясының өкілдері мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын, басты мақсат – ардагерлерді қоғамнан шеттетпей, белсенді әрі заманауи ортаға бейімдеу екенін атап өтті.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – басты назарда»
- 26 ақпан, 2026
Тауар белгісін тіркеу жеңілдетілді
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




