– Қыш құмыра – қазақ халқының тұрмысындағы қарапайым ыдыс қана емес ол халықтың мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін жәдігер. Бұл құмыра – өз дәуірінің қолтаңбасы өркениет пен тұрмыстың даму деңгейін айғақтайтын дерек. Жуалыдан табылған қыш құмыралар қазақ даласындағы көне өркениеттің тұрмыстық мәдениеттің нақты дәлелі олар халқымыздың қол өнерін табиғатпен үндес өмірін паш етеді. Музей қорындағы қыш құмыралар бүгінгі ұрпаққа ата бабамыздың өмір салтын, өнерін, дүние танымын таныстыратын баға жетпес мұра болып қала береді. Жуалы аудандық өлкетану музейінде осы өңірден табылған қыш құмыралардың бірнеше үлгісі сақтаулы олар қалың қабырғалы, түбі жалпақ мойны биік болып келеді. Қыш құмыралар қазақ даласының көне тарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер. Жуалы өңірінен және өзге де аймақтардан табылған қыш құмыралар халқымыздың күнделікті өмірін қол өнер дәстүрін айқындайды. Музей қорындағы бұл құнды бұйымдар ата-бабамыздың тұрмысын, өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізетін мәдени мұра, ұлттық тарихымыздың ажырамас бөлігі. Бұл қыш құмыралар біздің музейде 30 жылдан бері сақталып келеді, – дейді аудандық тарихи өлкетану музейінің экспозициялық көрме ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы Нұрғиса Абдрашев.
Аудандық музейге келіп, Күрең белден табылған қыш құмыраларды тамашалаушылар көп.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жіптен туған сұлулық
- Бүгін, 09:38
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




