Биыл еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының құрылғанына 120, ал Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясына 35 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірле стігінің ұйымдастыруымен кәсіподақтар клубында мерекелік жиын өтті.
Оған атқарушы билік, әлеуметтік әріптестер және кәсіподақ қозғалысына тұрақты қолдау көрсетіп жүрген серіктес ұйымдардың өкілдері, ардагерлер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері және жастар қатысты.
Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин тікелей байланысқа шығып, өңірдің кәсіподақ мүшелерін айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Осыдан кейін «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов баяндама жасап, бүгінге дейін атқарылған бірлестік жұмысының бағыттарымен, қол жеткізілген нәтижелерімен және алдағы міндеттерімен таныстырып өтті. Келесі кезекте құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетоваға берілді.
– Кәсіподақ қозғалысы еліміздегі еңбек саласындағы әділдік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын кәсіподақ ұйымдары құрылып, еңбек адамының құқығын қорғаудың негізі қаланды. Содан бері кәсіподақтар қоғаммен бірге өсіп – елдің тұрақтылығына, әлеуметтік әріптестікті дамытуға зор үлес қосып келеді. Бүгінгі күнде де кәсіподақтар федерациясы мемлекет пен еңбекші арасындағы сенімді арттырып, ел дамуының маңызды серіктесіне айналды. Құрметті кәсіподақ мүшелері, Сіздердің еңбектегі табыстарыңыз, қоғамның орнығуындағы жауапкершіліктеріңіз бен ел дамуына қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Бұдан әрі де ел бірлігі мен қоғамдағы әріптестік байланысымыз жалғасын тауып, өздеріңіздей белсенді азаматтардың арқасында нығая береді деген сенімдемін, – дей келіп, Айжан Есмағамбетова өңірдің елеулі еңбек азаматтарын облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Үйрену мен үйретудің арасында табанды еңбек тұрады
- 5 қараша, 2025
Жақсылық жасау – жүректің ісі
- 5 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




