Ескерткіш екі баспалдағы бар тұғырға орнатылған. Жалпы мүсіннің биіктігі 2,6 метр. Ол Қаратаудың көк мраморымен қапталған. Тұғырының биіктігі 2 метр. Ескерткіш орнатылғаннан бері отыз жылдан аса уақыт өтіпті.
Биыл батырын ұлықтаған ел азаматтары жиналып, ескерткішті қайта жаңғыртудан өткізіп, оны салтанатты жағдайда атап өтіп, баба рухына Құран бағыштады. Ұрпаққа үлгі боларлық іс-шараға еліміздің түкпір түкпірінен қонақтар қатысып, баба рухына тағзым етіп, ерлігін еске алысты. Жаңа жаңғыртылған ескерткіштің алдында Жамбыл облысының және Жуалы ауданының Құрметті азаматы Жарас Мұратай тебірене сөз сөйлеп, батырдың өмірбаянымен, ерлік жолымен таныстырды.
Бізге жеткен деректерге сүйенер болсақ, Рысбек батыр шамамен 1741 1824 жылдар аралығында өмір сүрген. Жастай батырлығымен көзге түскен оған он алты жасында жау ордасын шауып, ойран ету тапсырылады.
Рысбек батыр өзіне жүктелген міндетті бұлжытпай орындап, жау ордасына таң ата тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанның жасағын шығынға ұшыратады. Қашқан қалмақтарды Жуалының Ақтас аумағында қуып жетіп, кескілескен ұрыс жүргізеді. Сөйтіп Рысбектің аты жау ордасын ойрандағаннан кейін қазаққа белгілі болды. Осы оқиғадан кейін Төле биден бата алған оның есімі Сиқым елінің ұранына айналды. Ал Рысбек батыр Қойгелді бастаған ұлы жүз қолының бір үлкен қосын басқарды.
Ташкент билігі Қоқан хандығының қолына көшкен тұста аз уақыт датқа болды. Рысбек батыр Оңтүстік өңірді Садыр, Ешенқұл сияқты басқыншы манаптардан да азат етті. Осыдан кейін батырдың ерліктері туралы Жамбыл облысының Құрметті азаматтары Сейтхан Жошыбаев пен Еркінбек Солтыбаев, педагогика ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетінің Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ профессоры, ақын Гүлтас Сайынқызы айтып, тың деректермен бөлісті.
Ұрпаққа өнеге, ұлтқа ұран боларлық тағылымды ойлар, жақсы ізгі тілектердің де тетігі ағытылды. Жаңғыртылған ескерткіштің лентасы қиылды. Әжелер тәттіден шашу шашты. Бір атап өтерлігі, жаңғыртылған ескерткіштің соңғы сәулеттік кескінін жасаған суретші Қанат Мұратай.
Бүгінгі күні сәулеті өзгерген ескерткіш сонадайдан көз тартып, елдің батырға деген құрметін арттыра түскендей. Айтулы іс-шара соңынан батыр рухына Құран бағышталып, ас берілді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




