«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Комиссия кемшіліктер бар екенін айтты

Комиссия кемшіліктер бар екенін айтты
Автор
Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Кеңеске Тараз қаласы мен аудан әкімдері және орынбасарлары, аудандық құқық қорғау органдары, білім бөлімдері, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, отбасын қолдау орталықтарының басшылары және басқа да құзырлы органдар қатысты. Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда жасөспірімдер арасында аса ауыр қылмыстардың және суицид жағдайларының жиілеп кетуі қоғамды алаңдатып отыр. Ал ба ла лар біздің болашағымыз екенін ескерсек, сол болашақтың жарқын болуы үшін олардың қауіпсіздігіне, дұрыс тәрбиеленуіне және алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасауды басты орынға қойғанымыз абзал.

Осыған орай балалар құқықтарын қорғау бойынша іске асырылып жатқан шара лардың тиімділігін зерттеу үшін облысымызға Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықт арын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева бастаған жұмысшы топ келді.

Жұмысшы топ апта ішінде мектептерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірқат ар кемшіліктердің анықталғандығын айтып, жіпке тізгендей етіп баяндады. Зерделеудің нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстардың сапасын арттыру бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.

Атап айтар болсақ, мектеп асханаларын ретке келтіру, мектеп психологт арының жұмысын күшейту, отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жандандыру, өңірде қорғаншы қамқоршы жөніндегі мамандардың санын арттыру, балаларға арнайы қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ретке келтіру, жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша т.б. ұсыныстар ортаға салынды.

Отырыс соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы аталған мәселелер төңірегінде ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар