Арқар – тауда өмір сүретін қуысмүйізділер тұқымына жататын ірі аң. Арқар бір қарағанда кәдімгі қуыс мүйізді қазақы қойға ұқсас. Бірақ қойға қарағанда дене тұрқы үлкендеу, ешкі секілді қимылы жылдам, тау-тасты мекен ететін жануар. Денесінің сымбаты да, бойының биіктігі де, салмағы да мекен еткен ортасына байланысты әрқалай болып келеді. Арқардың аталығын – құлжа, қозысын – қозықа деп атайды.
Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген айшықты болып келеді. Арқардың жойылып кету қаупі туғандықтан, оны аулауға тыйым салынған. Тек арнайы рұқсатпен ғана аулауға мүмкіндік бар. Аталған музейге арқар мүйізін 2014 жылы 14 сәуір күні Саудакент ауылының тұрғыны Әбутәліп Исаев өткізген екен.
«Бұл арқардың мүйізі Арқаның тауларынан әкелінген. Біраз уақыт үйде сақтадық. Содан кейін аудандық музейге жәдігер ретінде өткіздік. Жас ұрпақ арқар деген аңның сипатын, мүйізінің көлемін танып өссін дейміз. Мұнда келушілерді арқардың мүйізі қызықтырарына күмәнім жоқ. Өзім де келіп қадағалап кетемін. Мектеп оқушыларын ертіп әкеліп, көрсеткен кездерім бар. Жай мүйізді көрсете салмай, жасөспірімдерге арқардың өмірі, табиғаты, жалпы тауда мекендейтін жануарлар туралы айтып беріп те жүрмін. Ауыл балаларының аң, құс атаулыны танып, табиғатқа жақын болып өскені жақсы», – дейді Әбутәліп Исаев.
Арқардың өзін көруге қызығатын кісілер көп. Оның мүйізі де келушілер үшін қызықты болатыны анық.
Есет ДОСАЛЫ
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




