Семинардың басты мақсаты – білім беру мекемелерінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың діни радикализм мен деструктивті идеологияларға қарсы профилактикалық бағыттағы білімін арттыру, тәжірибе алмасу және тиімді әдістемелік тәсілдермен қамтамасыз ету. Оқыту семинарында арнайы шақырылған, республика көлемінде тәжірибесі мол сарапшылар дәріс оқыды.
Атап айтқанда, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, РАТТ мүшесі Алмагүл Аяғанова, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Ясауитану ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Бауыржан Ботақараев және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарбай Дүйсенбаев өз баяндамаларымен бөлісті.
Семинар барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы – болашақ бағдаршамы», «Жасөспірімнің құндылықтары: оларды түсінуге және қалыптастыруға қалай көмектесуге болады?», сондайақ «Деструктивті діни идеологияға қарсы профилактика: төл діни танымның аксиологиялық және әдіснамалық өлшемдері» тақырыптары кеңінен қамтылып, қатысушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап алаңдары ұйымдастырылды.
Спикерлер деструктивті діни ағымдардың таралу жолдары, олармен күрестің заманауи әдістері, жастардың құндылықтық бағдарын дұрыс қалыптастырудағы тәрбие мен ұлттық дүниетанымның рөлін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Оқыту семинарының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы семинарлар өңір педагогтері мен мамандарының діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру ұйымдарында профилактикалық шараларды тиімді ұйымдастыруға негіз болмақ.
Жас ұрпақты жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау – қоғам алдындағы ортақ міндет екені айтылды.
Айжан ӨЗБЕКОВА
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




