Осы орайда, 10-20 қыркүйек аралығында облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған мониторингтік топ, атап айтқанда Қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев және қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей, «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Баймұратов ветеринария саласындағы ахуалды бақылау мақсатында аудандардағы ветеринариялық ұйымдарға барып, жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, ветеринар мамандардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жүргізілген іс-шара барысында жергілікті ветеринариялық бөлімдер мен инспекцияларда туындап отырған проблемалық мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, ветеринариялық әкімшілік ғимараттары мен нысандардың инфрақұрылымына қатысты – жылу және су жүйесін жүргізу, ағымдық немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жасау, сондай-ақ ұйымдарды оргтехникамен, кеңсе және техникалық құрал-жабдықтармен, уақытылы жаздық және қыстық арнайы киімдермен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл түйткілдердің шешу жолдары жанжақты қарастырылды.
Бұдан бөлек, кезде су барысында адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу, диагностикалық және профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күшейту, сондай-ақ ветеринария саласына тән емес кейбір қызмет түрлерін (қаңғыбас иттерді аулау, оларды күтіп ұстау және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру) бәсекелестік ортаға беру сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған мониторингтік топ Талас, Сарысу, Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарында мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын арттыру және қоғамда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, тиісті ұсыныстар назарда болатынын мәлімдеді.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




