«Шынында да қоғам да, адамдардың ойлау қабілеті де өзгеріске ұшырап жатыр. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың болмыс-бітіміне әсер етуде», – деді.
Оны күнделікті өмірден өзіміз де байқап отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасындағы қақтығысқа да сергек қарауды өмірдің өзі ұсынып отыр. Соңғы жылдары ұлттық құндылықтарға жат әрекеттер белең алуда. Белгілі дәрежеде әлеуметтік желілердегі сан алуан теріс пиғылдағы бағдарламалардың көбеюі адамдардың санасын улап, адамдық қасиеттің сапасын кемітуде. Оны түрлі зорлы-зомбылықтан, бейәдеп қылықтан, еліктеушіліктен байқап келеміз. Заңды және тәртіпті сақтамауымыз, адамдардың сыйластығына кері әсерін беруде. Жасыратыны жоқ, көп нәрсе ер азаматтарымызға байланысты сияқты. Ана мен ба ланың құқығын қорғаймыз деп әкелердің сан жылдар бойы қалыптасқан абыройын төмендетіп алдық па деймін. Ата-бабамыздың салтында: «Әке – үйдің тірегі» деп саналатын.
Отбасында әке үйдің басшысы ретінде танылатын.
«Әкең келе жатыр, әкеңнен рұқсат сұра, әкеңнен бұрын төрге шықпа, әкеңе сөз қайтарма, әкеңді сыйла» дейтін еді тәрбиеміз.
Жасыратыны жоқ Тәуелсіздік алғаннан кейін ерлердің дені жұмыссыз қалып, ала дорба арқалаған әйелдер үйдің асыраушысына айналып, сол жылдардағы ұрпақ тәрбиесіз қалды. Міне, жауапсыздықтан, надандықтын, сыйластықтан ада болған отбасылар ажырасып, негізінен бала тәрбиесімен аналар ғана айналысуда. Әке тәрбиеден сырт қалды.
«Толық еме с от басы» деген ұ ғ ым содан шықты. Үйдің тірегі «құлаған» соң, әсіресе ұл балада сенім азайып, жасық, ынжық болып өсетінін де байқаймын. «Айналайын, әкелер, отбасыңды сақтау, әулетіңді сақтау екенін неге ұқпайсыңдар?! Неге баланың жүрегіне қаяу түсіресіңдер» деп айқайлап айтқым келеді.
Еркек пен әйелдің тәрбиесіздігі ұлтымыздың отбасын сақтаудағы құндылығын жойып, дүбәрә отбасылар пайда болды. Ондай кезде тектілік жөнінде айтуымыз артық болар. Өйткені қазақта ата тек, ата кәсіп, ата мұра, ата мекен деген ұғымдар қастерлі еді ғой. Енді олар көп айтылмайтын болды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында о сы мәс елеге айрықша назар аударып, «толық емес отбасы» деген ұғымды май шаммен қарап, оларға төленетін жәрдем ақыны төлеуді, қайтадан сараптауды тапсырды.
«Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Осылайша біз өзіміз жалқаулықпен масылдыққа жол беріп отырмыз. Отбасы мүшелерінің барлығы әлеуметтік көмек пен жәрдем ақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеттілігі бар», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл сөзінің жаны бар. Біз ер адамды «отбасының тірегі» десек, ендеше ол сол отбасын асырап-бағуға тікелей жауапты емес пе? Біздер ақсақалдар, осы мәселеге қатты алаңдап, неке туралы істі қарағанымызда оны сақтау жөнінде барынша айтамыз. Бірлікке шақырамыз. Бірақ өкінішке орай ер адамдар өз қателіктерін түсініп, отбасына оралғысы келсе, әйелдері шатқаяқтап көнбейді. Сонда байқағанымыз, мемлекеттің мардымсыз жәрдем ақысын малданып, отбасы құндылығын талап етеді. Кейінгі талдауларды жүргізіп, байқағанымыз ажырасатындардың дені 35-45 жастағылар. Тіпті ұл-қыздарының жасы кәмелетке толғандары да кездеседі.
Егер біз осы кеселді тоқтатпасақ, болашақта толық емес отбасылардың санының көбейетіндігі ғажап емес. Сондықтан әр отбасы кеш болмай тұрғанда өкпе-назды қойып, отбасын сақтау жөнінде ойланса дейміз. Оған әр әулеттің ақсақалдары, аналары көмекке келуі керек. Ауызға ие болу мәдениетін меңгеретін кез келді. Алып ел Қытайда «Мәдениетті әйел – мәдениетті ұлт» деген бағдарлама бар. Аналарымыз ашуға берілмей, ашуды басуға ұмтылса екен. Ерлеріміз қоғамдағы орнын түсініп, әйел жанын жараламай ұрпағының болашағын ойласа, ар, намыс, ұятты сақтаса ол отбасы сақталатынын естен шығармаса екен.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ
Жамбыл облысының үздік биі.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




