Ол бүгінде «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамында 4 санатты слесарь болып еңбек етеді. Әріптестерінің ортасында сыйлы, құрметті, жұмысын білетін маман.
– Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ совхоз малшыларына көмекші болып, сәл де болса анам Танакүлге көмектескім келді. Әкем 41 жасында ерте кетті өмірден. Отбасындағы жетеуіміз де еңбекке ерте араластық. Тіпті, жоғары сыныпта жүргенде совхоздағы, ол заманда «машдвор» деп атайтын, яғни совхоз техникаларының ақауын жөндейтін гаражда слесарь болдым. Техникаға бала кезден әуес едім. Ірі техникалардың ақауын жөндейтін механизаторлардан үйренгенім көр. Рас, алғашында техника атауларының көбі орысша аталатынына қиналғаныммен, Отан алдындағы азаматтық борышымды сонау Мәскеуде өтеп келген соң шемішкедей шағатын болдық қой. Қазір қысқа дайындық науқаны қызу жүріп жатыр. Жұмыс жауапты болған соң, оны лайықты атқара білуге төселдік, – дейді Жамбыл Рүстембекұлы.
Қалаға алғаш келгенде Гипс зауытында лента қараушы болып еңбек еткен ол кейін №51 цехқа ауысыпты. Бұдан кейін, «Қазпошта» АҚ-ы Жамбыл филиалының Тараз қалалық бөлімшесінде автослесарь, содан соң «Таразтрансэнерго» кәсіпорнында 13 жыл еңбек еткен.
Бүгінде қалаға жылу мен ыстық су беретін «Таразэнергоорталық» кәсіпорнында еңбек етеді. Бұған дейін кәсіпорын басшылығы тарапынан бірнеше рет Құрмет грамотасы мен Алғыс хат алған Жамбыл Рүстембекұлы отбасында жақсы жар, үлгілі әке. Жұбайы – Фарида үйде бала тәрбиесінде.
– Ата-анамыз жас кезімізден еңбекке баулыды. Қарапайым еңбек адамы болып жүріп-ақ бәрімізге тәрбиелі болып, өзгенің ала жібін аттамау қағидасын бойымызға сіңірді. Бүгінде бауырларым да өз кәсіптерін дөңгелетіп, еңбек көрігін қыздыруда. Үлкен қызым – Маржан «Қазпошта» АҚ-ы Тараз филиалында, Арай қызым мектепте еңбек етеді. Ұлым Бақдәулет жақында ғана әскерден келді. Полиция қызметкері болсам деген арманы бар. Ал, кенжем Ақназар №42 мектептің 4 сынып оқушысы. Балаларымның бойында да еңбекқорлық қасиеттер бар. Отбасындағы өнеге – ұрпақ тәрбиесінің негізгі көзі ғой, – дейді Жамбыл Шыныбеков.
Иә, қарапайым жұмысшының өмірлік ұстанымы осы. Ол атаққа құмар болмай, күнделікті күйбең тірліктің түйінін тарқатып жүріп-ақ, осындай беделге ие болған жан. Қарапайым еңбек адамы. Аз уақыт пікірлессек те, Жамбыл Рүстембекұлының өмірлік тәжірибесінен көп нәрсені түйдім. Кезекті ауысымына асыққан Жамбыл да құрал-саймандарын түгендеп, жұмысына кетті.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




