Ал биылғы жылдың күзгі науқанына облысымыздан барлығы 1500 адам тартылады деп көзделген болса, соның 350-і Тараз қаласының еншісіне тиесілі көрінеді.
Бұл туралы Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында өткізілген 2025 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының қорытындысы және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық барысы туралы мәліметтер баяндалған алқалы жиында айтылды.
Аталған жиында облыстық шақыру комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Ка лендеров бас болып, құрамында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Алмаз Сахимов және Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрбол Зейнелов секілді басқа да құзырлы органдардың басшылары бар топ қосшы болып ортақ тақырыпты бірге талқылады, саралады.
Басқосуда полковник Нұрбол Зейнелов күзгі науқанды сапалы атқару үшін облыстық шақыру комиссиясың төрағасынан ішкі істер органдарына ұсынған тізім бойынша мерзімді әскери қызметтен жалтарған шақырушыларды іздестіріп, қылмыстық және әкімшілік шара қолдануға көмек көрсетуіне, Тараз қаласында және басқа барлық аудандарда арнайы мобильдік топтарды құруға, шақыру науқанына құқықтық тәртіпті сақтау үшін облыстық жинақтау пунктіне және қалалық, аудандық шақыру пунктеріне жергілікті полиция қызметінің тарапынан 3 қызметкерді тұрақты негізде бекітіп беруге, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын шақырушыларға хабарлау жасап, оларды тиісті шақыру пункттеріне жеткізуді іске асыруда және медициналық ақпараттық қызметте жұмысты ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шақыру комиссиясының әрбір дәрігермаманын компьютерлік және перифериялық техникамен толық қамтамасыз етуде ықпал жасауын сұрады.
«Жамбыл облысының мемлекеттік органдары жауапкершілікті толығымен ұғына отырып егеменді мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту, оның Қарулы күштерінің абыройын арттыру үшін жүктелген міндеттерді толығымен және өз уақытында орындайды деп сенеміз», – деді өзінің қорытынды сөзінде полковник.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




