«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әскерилердің физикалық дайындықтары тексерілуде

Әскерилердің физикалық дайындықтары тексерілуде
Автор
Таразда әскери қызметшілердің физикалық дайындығының деңгейін анықтауға бағытталған ауқымды тексеріс басталды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының өкілдері бөлімшенің жеке құрамын баптауды және олардың күшін, төзімділігін, жылдамдығын бағалауды мақсат етіп, гарнизонға келді. Алғашқы болып сынаққа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командалық басқармасы штабының әскери қызметшілері түсті. Алдағы уақытта Тараз гарнизонының басқа бөлімшелері де осы шараға қатысатын болады.

Тексеру жалпыармиялық смотр-конкурс аясында өтуде, оның қорытындысы 2025 оқу жылы аяқталғанда шығарылады. Шараның басты мақсаты – үздіктерді анықтаумен қатар, әскери қызметшілердің кез келген жағдайда тапсырманы орындауға дайындық деңгейін арттыру. Әскери қызметшілер әртүрлі пәндер бойынша нормативтерді тапсырады.

Басты назар қысқа және ұзақ қашықтықтарды әскерилердің қалай еңсеретіндігіне бағытталады. Ерлерге 100 метрге жүгіру жүктеледі. Жүгіруде жылдамдық басты рөл атқаратындығы белгілі. Сондайақ, ерлердің 1 және 3 километрлік қашықтықты талапқа сай жүгіріп өтулері бойынша төзімділіктері тексеріледі.

Сонымен қатар, қатысушылар күшті бағалау мақсатында белтемірге тартылу жаттығуларын орындайды. Әйелдер де физикалық сынақтардан өтеді: 1 километрлік жүгіру, сонымен қатар пресс және ұмтылып көтерілу жаттығулары енгізілген бір минуттық аралас тапсырма – 30 секунд пресс, 30 секунд ұмтылу бойынша. Мұндай тапсырмалар әйел әскери қызметшілердің физикалық дайындығын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

– Біздің басты мақсатымыз – қызметшілердің жекелей физикалық дайындығын жан-жақты бағалау, өйткені дене белсенділігі шабуылдық дайындықтың негізі, – дейді Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының физикалық дайындықты бақылау бөлімінің бастығы, майор Болат Бейсембаев.

– Біз әскери қызметшілердің төзімділігін, күшін және жылдамдығын тексереміз, себебі осы қасиеттер лагерь тапсырмаларын сәтті орындаудың кепілі болып табылады. Бұл смотр-конкурс – жай ғана жарыс емес, бұл қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық мәдениетті насихаттау. Орталық спорт клубының өкілдері әскери қызметшілердің жекелей көрсеткіштерін, бөлімшелердің дайындық деңгейін ғана емес, сондай-ақ спорт базасының жайкүйін және физикалық дайындықты ұйымдастыруға арналған құжаттаманы да бағалауда. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ҚБ БДБ басқармасының физикалық дайындығы бөлімінің бастығы, подполковник Мадияр Бабахановтың айтуынша, әскери қызметшілер тексеріске тамаша формада және жоғары нәтижелер көрсетуге деген ынтамен келіп қатысуда.

– Біз үшін бұл тексеріс – дайындығымыздың маңызды кезеңі. Әрбір әскери қызметшіміз жан-жақты физикалық дайындыққа ие болуға және жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді ұштастыруға ұмтылады. Ал дайындық кез келген тапсырманы сәтті орындау үшін қажет, – дейді бөлім бастығы.

Тараз гарнизонын да әскери қызметшілердің физикалық дайындығын тексеру жалғасуда. Атаулы шара бірнеше күнге созылады – басқа бөлімшелерде де өтеді. Смотр-конкурс қорытындысы бойынша оқу жылының соңында үздік әскери қызметшілер Қорғаныс министрлігінің лайықты марапаттарына ие болады. Дегенмен, әскери қызметшілердің тамаша спорттық дайындықтарының басты көрсеткіші болып даусыз жоғары шабуылдық пен сынаққа дайын мықты денсаулық әрдайым еш өзгеріссіз қала береді.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар