Бұл қыштан жасалған ыдысты аталған музейге аудан әкімінің орынбасары кезінде Әлібек Терлікбаев тапсырған.
– Музей – құндылықтар мекені. Қолыма түскен осы көне жәдігерді «Музейге сый» акциясы аясында аудандық тарихи-өлкетану музейіне өткіздім. Біздің әулеттің жеке заттрының арасында емес, жәдігерлер сақталатын орында тұрғаны жөн деп шештік. Себебі музейде ол затты көбірек адам көреді, қызықтайды, ой түйеді. Тарихқа сараптама жасайды. Ол тарихи тұрғыдан маңызды деп ойладым, – дейді Әлібек Мамытжанұлы.
Аталған жәдігер қола дәуіріне жатады. Отандық археология тарихында қола дәуіріндегі заттай ескерткіштерді зерттеуде белгілі бір дәрежеде жетістіктерге қол жеткізілді. Қыш ыдыстарды зерттей отырып, ертедегі тұрғындардың түрлі топтарының өзара қатынасын, ауысуын, шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктерін, дүние танымдарының кейбір қырларын, археологиялық мәдениеттерінің туыстастығы мен олардың шығу тегін зерделеуге болады. VII-Х ғасырға жататын қыштан жасалған ыдыс аудандық музей сөресіне қойылды.
– Музей тарихи жәдігерлерімен бағалы ғой. VII-Х ғасырларға жататын қыштан жасалған құмыра ыдысты құнды зат ретінде қабыл алдық. Бұл жай ғана ыдыс емес, бұрынғы тіршіліктің кішкентай куәгері. Сол жағынан алғанда жас ұрпақтарға тағылымы мол, – дейді аталған музейдің директоры Эльдар Өтембаев.
Есет ДОСАЛЫ
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




