Әлеумет
Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2025
- 1.1k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында атаулы күннің мән-маңызы туралы жазба жариялап, отандастарды елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үндеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
– Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
Жіптен туған сұлулық
- Бүгін, 09:38
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




