«Әрбір әйел – әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру нәтижелері бойынша 2024 жылы ана өлімінің көрсеткішін 12 пайызға төмендетуге қол жеткізілді», – деп хабарлады ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Ол анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидалдық дайындықтың төмен болуы екенін атап өтті.
Министрлік әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды тәсіл үшін «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.
Сондай-ақ қазір шалғайдағы ерекше күтімді қажет ететін әйелдер үшін «Саламатты Ана» пансионаттары ашылып жатыр. Онда жүкті әйелдерді емдеп, қиын босанудан кейінгі кезеңде оңалту жұмыстары жүргізіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек екенін айта келіп: «Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтардың құрылысын жалғастыруды тапсырды. Ағымдағы жылдың бірінші қарашасына дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындауды аяқтап, Шымкент пен Қарағандыда осындай орталықтардың құрылысын бастау қажет. Әйелдерді жүктілікке дайындауға, ауруларды уақытылы диагностикалау мен сауықтыруға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасын сапалы әрі барлық өңірде іске асыру керек. Елдің орталығынан шалғайдағы ауылдарға дейін барлық тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуын қамтамасыз ету қажет», – деді.
Отырыстан кейін журналистермен жүргізілген сұхбатта: «Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 50 пайызға дейін прегравидарлық дайындықпен қамтуды қамтамасыз етеміз. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажеттілігі туындап отыр. Былтыр 22 облыстық перинаталдық орталық құрамында «Ұрықты қорғау орталықтары» құрылып, оның құрамында жүкті əйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Бір күндік клиника» ұйымдастырылған. Онда 100 мыңнан астам жүкті әйел 500 мыңға жуық тексеруден өтіп, нəтиже сінде ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау 13 пайызға артты.
Сонымен қатар биылдан бастап емханаларда педиатрлық бөлімшелер ашылып, 100 даму және ерте араласу орталықтары жасақталған. Шалғайдағы ауылдық мекендерде тұратын ерекше күтімді қажет ететін әйелдер үшін «Саламатты Ана» пансионаттары ашылып жатыр. Олар тәуекелі жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге жатқызуға, сондай-ақ қиын босанудан кейінгі кезеңде әйелдерді оңалтуға арналған. Бүгінде мұндай пансионаттар Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жұмыс істеп тұр. Басқа өңірлердің әкімдеріне жыл соңына дейін облыс орталықтарында осындай пансионат ашу ұсынылып отыр», – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Иә, ана мен бала денсаулығын сақтау – медицина саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ұлт саулығы, ұрпақ амандығы аналардың денсаулығына тікелей байланысты. Бүгінгі бала – елдің ертеңгі тірегі, үкілеген үміті. Сондықтан әрқашан ана мен бала денсаулығы назардан тыс қалған емес. Инфрақұрылымды дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін перинаталдық орталықтар мен балалар клиникаларын қамтитын көпбейінді ауруханалар құруға басымдық берілген. Бүгіндері денсаулықты дамытудың 2021-2025 жылға арналған «Дені сау ұлт» атты әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы да жүзеге асып жатыр. Халықтың саулығын жақсартуды көздейтін жобаның басым бағыттарының бірі де осы ана мен баланың денсаулығы. Бала туу жасындағы келіншектердің өз саулығына мән бермеуі, әсіресе жүктілікке дейін немесе жүктілік кезінде дұрыс емделмей қалған аурулардың болуы құрсақтағы нәресте үшін аса қауіпті. Өйткені ол дерт нәрестеге анасы арқылы берілуі мүмкін. Бұл шарананың уақытынан ерте тууына немесе дене салмағының аз болуына әсер ететін негізгі фактор. Ол болашақта бала саулығына қатысты басқа да проблемалардың туындауына себеп болады. – Әйелдердің денс аулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар с аулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындықты жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді. Әйел жүкті болғанын білген сәттен бастап өзін ана ретінде сезінуі қажет. Перзентіне төнетін қауіптің алдын кез келген ана алдын ала болжауына болады. Осыны естен шығармағаны жөн. Ол үшін біріншіден, әйел жүктілікке дейін денсаулығын күтіп және жақсы тамақтанып, күйзелістен аулақ болуы қажет. Екіншіден, ол әрбір жүктілік кезеңінде медицина қызметкеріне кемінде төрт рет қаралғаны абзал. Үшіншіден, босанғаннан кейін ана мен бала алғашқы тәулікте, бірінші аптада және алты аптада тиісті мамандарға қаралуы керек.
Қазір негізінен 16-25 жас аралығындағы әйелдердің гинекологдәрігердің қабылдауына бармайтыны – алаңдатарлық мәселе. Шынында, осы жастағылардың жыныстық сауаты енді жетіліп келе жатқандықтан, гинекологқа тексеріліп тұруға бейжай қарамағаны жөн. Әр сәбидің аманесен, дені сау болып өмірге келуі өте маңызды. Бірақ іштегі баланың дамуына ананың психологиялық жағдайы, өз-өзіне күтіммен қарауы ерекше әсер етеді. Менің ойымша, қыз баланың жасөспірім кезінен-ақ дұрыс тамақтануына, ауыр көтермеуіне, жылы жүруіне, қандай жұмыс істейтініне назар аудару қажет. Жүктілік кезінде ең маңызды тексерудің бірі – ультрадыбыстық зерттеу. Әсіресе жүктіліктің 19-20 аптасында пренатальды скринингтің маңызы жоғары. Онда ананың, оның ішінде дүниеге келетін бала денінің саулығы әрі қандай да бір бала саулығында ақаулар, мәселен даун, хромосомалық аурулар секілді психикалық ауытқушылықтар анықталады. Егер денсаулығында кінәрат анықталса, ана генетик кеңесіне жүгінуі тиіс. Қорытындысы дәрігерлік кеңес комиссиясымен қаралып, баланың саулығына қатысты мәліметтер беріледі. Дүниеге келген жағдайда да ары қарай өмір сүре алатындығы немесе кемістікпен туатындығы, тіпті мүгедек болып қалу қаупі туралы ескертіледі, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының перзентханалар қызметінің үйлестірушісі, дәрігергинеколог Қаракөз Сағынғалиева. – Қазіргі медицинада дүние есігін ашар бала денсаулығын ерте тексеріп, ауыр дертін ерте анықтауға мүмкіндік бар. Алайда осының бәрі жасалғанымен, әйелдер арасында әртүрлі діни көзқарасқа байланысты жүктілікті тоқтатудан бас тартып, «Алла берді, мен өмірге әкелемін» деген көзқарас қалыптасқан. Ең өкініштісі, әлі де болса о сы ұстанымнан шыға алмай жүргендер аз емес. Түрлі ерекшеліктері бар, әсіресе жеке ауытқушылығы, гипербелсенді, аутистикалық белгілері бар сәбилердің тууының себебі тек бұл ғана емес. Қазіргі цифрлық заманның әсері, экологиялық және әлеуметтіктұрмыстық проблемалар, сондайақ болашақ аналардың физикалық денс аулығының, с а лмағының жоқтығы, уақытында емделмей, дұрыс тамақтанбауы, электронды шылым шегу, әртүрлі шөптерді пайдалану тәрізді зиянды әдеттерге әуестігінің салдары сөзсіз құрсақтағы балаға беріледі. Баланың ерекше немесе мүгедек болып тууына душар ететін басты себепті осы жерден іздеген жөн.
Халықтың әсіресе, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау біздің еліміз үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін ерекше медициналық-әлеуметтік маңызға ие. Бүгінгі балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының жағдайы кейінгі 10-15 жылдағы демографиялық процестерге тікелей әсер ететін болады. Жалпы ұлттың денсаулығы, елдің демографиялық жағдайының жақсаруы жасөспірімдердің репродуктивті әлеуетіне байланысты екенін бәріміз білеміз. Осыған байланысты, біз жасөспірімдерге медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыратын боламыз. Кеңес заманында қалаларда арнайы аналарға кеңе с беру мекемелері болды. Кейін заман ағымына сәйкес олар жергілікті емханалармен біріктіріліп жіберілді. Әрине, одан кейін біраз қиындықтар, түсінбеушіліктер және де басқа проблемалар туындады. Енді сол мәселелерді реттеп, жөнге қою үшін аналарға кеңес беру орталықтарын ашу ісін қолға алдық. Сондай орталық қатарына Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС емханасында әйелдерге кеңес беретін жаңа бөлімшенің ашылуын айтуға болады. Бұл орталықтың ашылуы – әйелдердің денсаулығына деген қамқорлықтың нақты көрінісі. Болашақ аналарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы біз ұлт саулығының негізін қалыптастырамыз. Орталықтың негізгі мақсаты – әйелдерге, әсіресе болашақ аналарға, қауіпсіз, ыңғайлы және уақытылы медициналық көмек көрсету. Жаңа бөлімше заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Бөлімшеде акушергинекологтар, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) мамандары, отбасын жоспарлау жөніндегі кеңесшілер қызмет атқарады. Сонымен қатар болашақ аналарға арналған арнайы мектеп, психологиялық және заңгерлік көмек те қарастырылған. Әйелдер консультациясы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Алдағы уақытта мұндай орталықтар бірнеше емдеу мекемелерінде ашылатын болады. Өмірге ұрпақ әкелу – атүсті қарайтын іс емес. Алдымен әр атаана келер ұрпақтың денсаулығына маңыз беруі қажет. Ата-ана дүние есігін ашқан соң да перзентінің Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында биыл алғаш рет болашақ аналарға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Мұны таяуда болған Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Аталған бағдарлама әйелдерді 12 түрлі зерттеуден өткізу және жүктілікке дайындауды мақсат етеді. Ол үшін 5,1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ елімізде алғаш рет «Феталды медицина» жаңа технологиясы енгізіліп, жатырішілік 71 ота жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірін сақтап қалған. Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда ана мен бала өлімі 6 есеге төмендеген. Ана мен бала күтіміне, қауіпсіздігіне, білім алуына жауапты екенін естен шығармауы тиіс. Бүтіндей бір отбасының жүгін арқалайтын бірқатар ер азаматтардың да, жан жылуымен балаларын ұйытып отыруға тиісті кейбір аналардың да бұлжымас міндетіне салғырт қарауының салдарынан көптеген шаңырақтың шырқы бұзылып жатыр. Бұл қазіргі қоғамдағы отбасы мәдениетінің төмендігінің бір көрінісі. Бәрімізге белгілі, жүктілік пен босану ағымының қалыпты өтуіне, өмірге дені сау сәбидің келуіне ықпал жасайтын негізгі фактор – жүктілікті дұрыс жоспарлау. Яғни, кез келген репродуктивті жастағы әйел жүктілікті жоспарлауға дейін арнайы тексерулер мен дайындықтан өтіп, қандай да бір сырқаты болса емделіп, сауықтыру шараларын қабылдауы тиіс. Әйелдер арасында жүргізілген насихаттау жұмыстарының нәтижесінде биыл бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсті. Әр отбасы жүктілікті жоспарлау мен дені сау ұрпақтың өмірге келуіне ерекше назар бөле отырып, жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі әр сәби бақытты щаңырақтың қалаулы перзенті болуға құқылы, – деп өз толғанысын білдірді Қаракөз Әмірқызы.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, халқымыздың көсегесінің көгеруі – көбеюімізге байланысты. Ұлт саулығының кепілі – сапалы ұрпақ өрбітуде. Сондықтан елде кейінгі жылдары әлеуметтік-демографиялық жағдайды анықтайтын фактор ретінде репродуктивті денсаулықты сақтауға баса көңіл бөлініп отырғанын көріп отырмыз. Өйткені ата-ана болу қабілетінен кінәрат табылып, бедеулік диагнозы қойылған азаматтардың саны жыл өткен сайын көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Атап айтсақ, қазір әрбір алтыншы отбасылық жұп бала сүюді аңсап отыр. Ал ресми статистиканың жылдан жылға өсуі репродуктивті медицина саласындағы ғылыми зерттеуді дамытуға себеп болуда.
2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демографиялық ахуал, бала сүйе алмай отырған отбасылардың көбейіп жатқанын алаңдаушылықпен атап өтіп, «Аңсаған сәби» ұлттық жобасына бастамашылық жасады. Сөйтіп демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырылып келеді, оның аясында 8 мыңға жуық сәби дүние есігін ашты. Мұның өзі елде репродуктивті денсаулықты қорғауға қаншалықты көңіл бөлініп жатқанын аңғартады. Енді, міне, жаңадан енгізілген «Аналар саулығы» бағдарламасы әйелдердің денсаулығын жіті қадағалауға алып, олардың сапалы ұрпақ әкелуіне зор мүмкіндік туғызып отыр. Медицина орындарының жоғары технологиялық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен фармацевтиканың жетістіктері арқасында денсаулық саласындағы статистика оң нәтижелерді көрсетіп жүр. Сонымен қатар дәрігерлердің біліктілігін көтеру жолында қолға алынған бағдарламалар да өзінің оң нәтижесін беруде. Қазіргі таңда дәрігерлердің шетелде оқу-тәжірибеден өтіп келетіні практикалық тұрғыдай өте тиімді. Дамыған мемлекеттердегі технологияларды елімізге әкелу арқылы отандық медицинаның әлдеқайда көркейгенін баса айту парыз.
«Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар» деп халқымыз бостан-бос айтпаса керек-ті. Не десек те, ананың ауруы болашақ ұрпақ үшін де, қалың қазақ үшін де үлкен қасірет. Денсаулығы нашар анадан, әрине, дені сау ұрпақтың тумайтыны анық. Атам қазақ ананың амандығын ұрпағының амандығы деп білген. Сол себепті аналардың, болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығына салғырт қарауға болмайды. Өйткені ұлт саулығы – ананың қолында!
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




