Қонаев мұрасы: «Тарихтың төріндегі тұлға» атты ой талқы кеші өтті
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2025
- 923
Тағылымы мол іс-шараға филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев қатысты.
Жиылған көпшілік кезек-кезек сөз алып, тұлғаның тағылымды ғұмырынан өнеге ете отырып, оны бүгінгі күнмен сабақтастырып, болашаққа бағыт-бағдар жасау қажеттігін атап өтті. Жиын аясында көрнекті тұлғаға арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
Ой талқыға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5513 әскери бөлімі және ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының сарбаздары да қатысты. Олар шара барысында тың деректермен танысып, тарихи тұлғаның елге қызмет ету жолындағы қайраткерлік болмысынан тағылым алды.

Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




