Кешке құрметті қонақ ретінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Әліш қатысты. Іс - шара барысында шекара қызметкері Жантөре Қайролла ұлттық рухты асқақтата «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Бекжан Серікбай хакім Абайдың «Күз» өлеңін жатқа оқып берді. Сарбаздар рухтанып, сахнаға шығып, өз кезегінде жырдан шашу шашып, кештің көрігін қыздырды.
Әдеби басқосуды жүргізген ақын әрі кітапхана қызметкері Марал Хантөреқызы Абайдың жырлары, қара сөздері мен тағылымды ойларының мән-маңызын терең жеткізді. Сонымен қатар авторлық өлеңдер де оқылып, өнерсүйер қауым жыр мен күйдің құдіретін сезініп, рухани ләззат алды.
Тағылымы мол іс-шараны тәрбиелік , идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімі ьастығының орынбасары, майор Талапжан Сағадатұлы ұйымдастырды. Әдеби кешке Жамбыл ауданы шекара басқармасы мен Бесағаш шекара бөлімшесінің сарбаздары қатысты.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлы дала абызының жырлары поэзия марафонында оқылды
- 12 наурыз, 2026
Алғашқы қоғамдық алаңдардың біріне айналды
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




