Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі – мемлекеттік назарында
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2025
- 815
Ағымдағы жылдың алты айында «Е-Собес» ақпараттық жүйесінде мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 76,7 пайызды құрап отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларын орындауды 95,0 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасымен бекітілген «Жол картасының» 84-тармағына сәйкес жыл соңына дейін Тараз қаласы мен аудандарда 262 нысанды бейімдеу жоспарланып, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша қозғалысы шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне жағдай жасау үшін 106 нысанға 101,1 миллион теңге бөлінді, 95 нысанды бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталып, 145 нысан ішінара бейімделді.
Бүгінгі күнге 22 нысан бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданында 12, Жуалыда 2, Меркіде 3, Мойынқұмда 4, ал Сарысу ауданында 1 нысан. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Инватакси» қызметіне 275,4 миллион теңге қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 14 инватакси қызметі жұмыс атқарады. Сонымен қатар 2300-ге жуық инватакси пайдаланушысы тіркеліп, оларға 32 автокөлік қызмет көрсетуде.
Жалпы облыс бойынша 14 инватакси қызметі, атап айтқанда Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарында 1 қызметтен, Тараз қаласында 4 қызмет, 13 арнайы жабдықталған автокөліктер бар.
Осы жылы облыс әкімінің 2025 жылғы 27 наурызындағы өкімімен мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып Әйгерім Даулетбаева тағайындалды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 17 медициналық-әлеуметтік мекемелерде, соның ішінде стационар жағдайында қабылдайтын 7 мекемеде, яғни №1, 2, 3, 7 орталықтар қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ №5, 6 орталықтар жүйке ауруымен ауыратындарға арналған және №4 кемтар балаларға арналған орталықтар мемлекет қамқорлығына мүгедектігі бар 885 адам алған, оның ішінде 1-ші топтағы – 204, 2-ші топтағы – 681 адам. Олар бекітілген стандартқа сәйкес 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылуда. Оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтікпсихологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтікмедициналық, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-еңбек пен әлеуметтік-мәдени қызметтер жатады.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы 10 орталықта, атап айтар болсақ Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту және Жамбыл облыстық филиалы (Аса ауылы) Қарақыстақ ауылдық, Меркі аудандық, Шу аудандық, Қордай аудандық, Талас аудандық, Сарысу аудандық мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтары және Аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында 763 мүгедектігі бар адам, оның ішінде 256-ересек, 507 бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 10 бөлімшеде (Тараз қаласында 4, Шу ауданында 2, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарын да 1-еуден және Қордай ауданында бөлімшеден тыс), мамандар үйде қызмет көрсету жағдайында 786 мүгедектігі бар азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Оның ішінде 35-і ересектер, ал балалар – 751-ді құрайды.
Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында үкіметтік емес ұйымдардың да атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Бүгінгі күнге олар 988 мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Басқарма тарапынан мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары және осы бағыттағы межеленген көрсеткіштерді ұдайы бақылауда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз», – деген болатын. Бүгінде облысымызда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мейлінше көмек беруде Amanat партиясының облыстық филиалының еңбегін айтып өтпеске болмас. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру, жастарға, балаларға инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше табыс тауып, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесу болып табылады.
Жоба аясында 2025 жылы 300-ге жуық іс-шара өтіп, 5375 адам қамтылды.
Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету, өмір сүруге ынтасын арттыру бойынша олар жасаған қолөнер бұйымдарының сатылым жәрмеңкесі өз деңгейінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде, 325 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
2025 жылы ерекше қажеттілігі бар жандарға нысандардың қолжетімділігін тексеру мақсатында 55 рейд жүргізілді. Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, арнайы әжетхана болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 258 нысанның әлеуметтік инфрақұрылымдары бейімделді және кейбір нысандар бойынша тиісті мекемелерге 30-дан аса ұсыныстар берілді.
2024 жылдың 20 мамырында Amanat партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы «Инклюзиялық қоғамның дамуына көмектесу» басымдық бағытын іске асыру аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі өтті.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жандардың қоғамдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер б ұ й ы м д а р ы н ы ң с ат ы л ы м ж ә рм е ң ке с і ұйымдастырылды.
Amanat партиясы мен «Болашақ» қорының қолдауымен облыстағы мектептерде 10 инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар ашылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс аумағында мүмкіндігі шектеулі адамдардың 3000-нан астамы немесе 8,7 пайызы дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен қамтылған. 2013 жылдан бастап «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» жұмыс істейді. Клуб спортшыларына жаттығу үшін Тараз қаласындағы спорт залдар, «ТаразАрена», «Тараз» орталық стадионы , «Дельфин» жүзу бассейні, «Жекпе-жек орталық залы №3 ОМОЖДБЖСМ, «Атлетик» спорт кешендері тегін қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аталған спорт клубында 16 спорт түрімен 355 адам қамтылған.
Қорыта кетсек, осындай жүйелі қолдаудың арқасында қоғамымызда тең мүмкіндіктер қалыптасып келеді. Бұл тек мемлекеттің емес, барша азаматтардың ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпайық. Себебі мейірімділік пен жанашырлық – дамыған қоғамның басты өлшемі.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




