Бұл іс-шара «Әйтеуір біз де өткізе салайық» деген науқаншылдықпен жүзеге аса салған дүние емес. Кештің музейдің алдындағы алаңда өтуі, сахна үшін жасалған төрдегі картиналардың безендірілуі, қарапайым үстелге хакімнің ескі кітаптары, ескі май шам қойылуы көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Рухани кеш әуелеген әнмен ашылды. Республикалық конкурстардың лауреаты, жезтаңдай әнші Марлен Көпешов Абайдың «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?» әнін жүректерге жеткізе орындады . Әншінің жауапкершілігі, әннің ішкі иірімдеріне бойлағаны көрініп тұр. Кештің тағы бір жаңалығы, ел арасында көп орындала бермейтін шығармаларға таңдау түскені. Әнін де, сөзін де Елен Әлімжан жазған «Жидебайдағы ой» атты шығарманы жұрт сілтідей тынып тыңдады. Танымал жазушыдраматург, журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әбдуатұлы өзін композитормын, ақынмын деп есептемейді. Ал Жидебайға барғанда жүрегін тербеп шыққан бұл ән өте ғажап дүние. Кештің көркін кіргізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев Абай әлеміне кеңінен тоқталды. «Абай хакім ғасырда бір туатын аса биік тұлға. Бүкіл адамзат деңгейінде ой айта алған кемеңгер. Абай хакім несімен құнды? Абай бар болғаны 3 жыл ғана партада отырып білім алған. Қалған білімін өз бетінше ізденіп жинаған. Ал сол 3 жыл ғана білімі бар кісінің шығармашылығынан оннан аса ғылым докторлары, 100-ге жуық ғылым кандидаттары ғылыми еңбек қорғап, Абайды зерттеп, тауыса алмай жатыр. Хакімнің мықтылығы, міне, осында. Адамзатқа ортақ «толық адам» туралы ұғымды қалыптастырып кетуінде», – деп толғанды Темірбай Әліұлы.
Іс-шара барысында аудан аумағындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Ақбаян Ақтай, №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Ұлпан Сүндетова, Абай орта мектебінің оқушысы Мерлан Сабырбек хакімнің өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шараны Байзақ ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов пен аталған музейдің директоры Артықбай Үкібаев қорытындылап, кеш қонақтарына және көпшілікке алғыстарын білдірді. Мұнан соң кеш қонақтары мен мектеп оқушылары музейді аралап, жақсы әсерге бөленді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




