Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады. Өңір басшысына аудандар мен Тараз қаласынан 15 адам ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атар айтқанда, абаттандыру, тұрғын үй мен жер, әлеуметтік және медициналық қызмет сапасына қатысты мәселелер қаралды.
Қабылдау барысында агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға ерекше назар аударылды. Тұрғындар бұқаралық спортты жандандыру бойынша да бастама көтерді.
Әрбір сауал бойынша Ербол Қарашөкеев жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, өтініштерді жеке бақылауына алды.
Жеке қабылдаулар тұрақты өткізіліп, бұл халық пен билік арасындағы тікелей диалогтың маңызды құралы болып қала береді. Өңір басшысы ашықтық пен сындарлы қарым-қатынас жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы басты қағидат екенін ерекше атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- Бүгін, 12:33
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- Бүгін, 12:08
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




