Осы маңызды қызметті адал атқарып жүрген қызметкерлерді анықтау және ынталандыру мақсатында, сондай-ақ кәсіби шеберлікті арттыру үшін биылғы жылдың 25 шілдесінде Тараз қаласы Полиция басқармасында «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атты кәсіби байқау ұйымдастырылып, өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты учаскелік полиция инспекторларының кәсіби дайындық деңгейін арттыру, үздік мамандарды анықтау, қызметкерлердің арасында салауатты бәсекелестік пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Сонымен қатар бұл шара қызметкерлердің физикалық және теориялық дайындығын бағалауға, нақты өмірлік жағдайларда шешім қабылдау қабілетін тексеруге бағытталған.
Байқауға Тараз қаласы Полиция басқармасы және №1,2 Полиция бөлімдерінен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында құқықбұзушылықтың алдын алып, отбасы-тұрмыстық жанжалдарды шешу бағытында даулы жағдайларды реттей білген, жергілікті тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орната алған, қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтерде және әлеуметтік осал топтармен жұмыс жүргізуде қызметін жандандырған, жалпы қызметте жоғары көрсеткіш көрсете білген қызметкерлер арасынан іріктеліп алынған 21 учаскелік полиция инспекторы қатысты. Байқау үш негізгі кезеңнен тұрды: ату даярлығы (қызметтік қарудан ату), кәсіби тестілеу, физикалық дайындық атаулары бойынша.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі қызметкерлер үздік деп танылды: Тараз қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторы – полиция капитаны Әжібеков Нұрсұлтан Раймбекұлы, ювеналдық полиция инспекторы – полиция аға лейтенанты Көбетай Мақсат Махмұтұлы, №1-Пб аға учаскелік полиция инспекторы (учаскелік полиция инспекторларының жұмысына жауапты) – полиция майоры Төкей Ермек Қанатұлы, ювеналдық полиция инспекторы – полиция аға лейтенанты Жарылқапов Рүстем Мамытұлы, №2-Пб аға учаскелік полиция инспекторы (учаскелік полиция инспекторларының жұмысына жауапты) – полиция майоры Имашев Қайрат Қалдыбекұлы, ювеналдық аға учаскелік полиция инспекторы – полиция капитаны Байниязова Эльмира Рахатқызы.
«Үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауы ішкі істер органдарындағы кәсіби бәсекелестікті арттырып, қызметкерлердің өз міндетіне деген жауапкершілігін күшейтуге оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




