Сондағы өрімдей жастарымыздың тапжылмай «Менің Қазақстаным!» – деген ән шумақтарын айтып қайсар өжет мінездерімен өздерін көрсете білгенін еш жадымыздан шығармауымыз абзал деп білем. Сол жеткіншек жастарымыздың кеуделерін кереміз бақпай алаңға жеткен батылдықтары әйгілі Мәншүк, Әлия апайларымыздың ерлігінен кем емес деп бағалайтын едім.
Облыстық әлеуметтік оңалту орталығы мүгедектігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Бұл орталық қала, аудандардан келетін мүгедектігі бар азаматарға есігін айқара ашып отыр. Сөз бұлаңға сала бермей айтайын дегенім аталған орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Айнұр Ермешова, мекеме қызметкерлері Гауһар Жанұзақова мен Мақпал Сқақованың ұйымдастыруымен қызмет алушылар «Желтоқсан-86» орталығына саяхат жасады. Олар орталықтан үлкен әсер алды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасынан қалған естеліктерді өз көздерімен көріп қызығушылық танытқан орталығымыздың қызмет алушылары Әбдірахмен Тәжімбетов пен Әмірбек Оразов болды.
Бұл қызмет алушылар «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігі» төрағасы Талғат Кеншінбеков, төраға орынбасары Жарылқасын Өнетаев, қоғам мүшелері Жанат Бекбергенова, Дүйсембек Тауасаровпен кездесіп, әсерлі әңгімелерге қанықты. Сұрақтар қойып, біраз мағлұматтар алды. Биыл желтоқсан айында Алла қаласа 39 жыл болды. Сол себепті жастарға өткізіп жатқан іс-шаралардың пайдасы тиер деген үмітеміз.
Осы іс-шараға қатысқан баршаларыңызға толағай теңіздің толқынындай шексіз рақмет айтамын! Ұйымдастырушыларға да алғысым мол.
Дүйсенбек ТАУАСАРОВ
облыстық «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
II топ мүгедек ардагері.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




