Жүректі сыздатқан Желтоқсан
Ел тарихында елеулі сәттер көп. Соның ішінде 1986 жылы желтоқсан айында қазақтың студент жастарының алаңға шығып, қатып қалған қасаң жүйеге қарсы шыққанын ерекше айтуға болады. Жас та болса жүректерінде намыс оттары лаулаған сол отаншыл жастарға бүгінгі буын қарыздар.


