- Шу ауданы — таланттар бесігі. Бұл қасиетті өңірден мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Шығармашылық мұрасы – жас ұрпаққа үлгі болып, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етуде, - деді облыс әкімі.
Жаңа клубтың құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оны «Ник Тараз» ЖШС салған. Жоба құны – 373 млн. теңге.

Нысанда 13 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс істейді.
– Біздің ауылда осы уақытқа дейін мәдениет үйі болмаған еді. Міне қазір заман талабына сай керемет нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысатын болды, – деді ауыл ақсақалы Естай Күнчашовке.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 8-і пайдалануға берілді. Ал осы жылы жоспарланған 16 нысанның 3-і ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін 8 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




