«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кітап – жалпыға ортақ қазына

Кітап – жалпыға ортақ қазына
Ашық дереккөз
Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының басқа кітапханалардан ерекшелігі, кітапхана қорында 4 форматтағы кітаптар сақталады. Олар бедерлі-нүктелі шрифттағы әдебиеттер, жайпақ баспалы шрифтағы әдебиеттер, дыбыстандырылған әдебиеттер және бедерлі графикалық құралдар. Зағиптарға, басқада топ мүгедектері мен қосымша қала тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.

Кітапхана мәдени мекеме ретінде инклюзивтік бағытта жұмыс істейді. Аймақта 1 облыстық арнайы кітапхана және аудандық орталықтандырылған кітапханаларда 9 аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдер ашылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кітапхана: жұмыс форматымен жетістіктері» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында мәлім болды.

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Күзенованың айтуынша, облыстық арнайы кітапханада 4 бөлім, 1 сектор жұмыс істейді. Кітапхананың штат кестесі бойынша 24 адам жұмысқа қабылданған, барлығы бірліктегі қызметкерлер, сала бойынша 19 кітапхана қызметкері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді. Оның ішінде жоғары білімді 16, арнаулы орта білімді 3, мүмкіндігі шектеулі 4 қызметкер бар.

– 2025 жылы I жартыжылдығында кітапхана қоры 77 кітапқа толықтырылды. Қазақстанның және өңіріміздің айтулы мерейтой иелеріне арналып Брайль қаріпінде 19 атаумен 57 дана кітап шығарылды. Жыл басынан бері 3200- ге жуық оқырманның қатысуымен мемлекеттік мерекелерге, айтулы күндерге, жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған 94 іс-шара өткізілді. Оның 76-сы офлайн, 18-і онлайн түрінде ұйымдастырылды. Кітапхана жұмысының жандануына инклюзиялық бағыттағы 15 жобамыз оң ықпалын тигізуде. Қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек. Республика бойынша алғашқы болып мүмкіндігі шектеулі зағип балалар мен жасөспірімдерге 4 форматты инклюзивті ертегі кітаптары шығарылды. Ертегілердің барлығы дерлік әріптес кітапханашылардың даусымен арнайы кітапханада ашылған аудио студиода жазылған. Кітапханашылардың біліктілігін көтеру мақсатында қызметкерлер арасында «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтардың негізігі міндетін қалыптастыру» семинар-практикум өткізілді. Нәтижесінде облыстық орта мектептердің кітапханашылары мен педагогтері инклюзиялық жұмыс түрлерімен танысты. Арнайы кітапхананың жоғарыда көрсетілген инклюзивті бағытындағы жобалары алдағы уақытта да өз жұмысын жоспарға сәйкес жалғастырады. Қазіргі таңда облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы тұрғылықты Аққозиев 5 мекенжайынан тамыз айында Сүлейменов көшесі, 20 үй мекенжайы орналасқан ғимаратқа көшеді, – деді Толқын Тәжітөрқызы.

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар