АҚШ ПЕН ИРАН УАҚЫТША КЕЛІСІМДІ ҰЗАРТА МА?
Екі жақ арадағы уақытша келісімді ұзартып, оқ атпау режимін екі аптаға созуы мүмкін. Бірақ Құрама Штаттар Иранға экономикалық қыспақты күшейтпек. Келесі келіссөзге бірер күн қалғанда Ислам республикасынан мұнай сатып алған елдерге санкция салатынын жеткізді.
Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, Вашингтон Қытай, Гонконг, Біріккен Араб әмірліктері және Оманға ескерту жіберген. Осыған дейін АҚШ Иранды 30 күнге санкциядан босатқан еді, өйткені Құрама Штаттар қазір жаһандық нарықта мұнай тапшы екенін ескеріп отыр. Жалпы, Вашингтон мен Тегеран арасындағы келесі келіссөз осы демалыста өтуі мүмкін деген ақпар бар. Өйткені АҚШ пен Иран арасында араағайын болып жүрген Пәкістан келіссөзді қайта жандандыруға ниетті. 15 сәуірде Тегеранда Пәкістанның әскери қолбасшысы Асим Мунир мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кездескен болатын. Тараптар талқылаған мәселелер енді Ақ үйге жолданады. Бұған дейін Исламабадта бас қосқан АҚШ пен Иран делегаттары тіл табыса алмаған болатын.
ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗДІ ЖАБАТЫНЫН ЕСКЕРТТІ
Иран әскері АҚШ Ормуз бұғазындағы елдің порттарын бұғаттауды жалғастырған жағдайда, Қызыл теңіз бен Парсы шығанағы арқылы кеме қатынасын толық жабуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Бұл туралы DW агенттігі хабарлады.
Жағдай ушықса, Иранның қарулы күштері Парсы шығанағы, Оман шығанағы және Қызыл теңіз арқылы өтетін кез келген экспорт пен импортты тоқтатуы ықтимал. Сонымен қатар Иранның одақтасы саналатын йемендік хуситтер Баб-эльМандеб бұғазы арқылы кеме қатынасын бұғаттауы мүмкін екені де белгілі болды. Бұл бұғаз Қызыл теңіз бен Аден шығанағын жалғап тұр. Еске сала кетсек, Иран бойынша соғыс аясындағы екі апталық бітім 22 сәуірге дейін жалғасады.
ҚЫТАЙ ҚАРУ ЖЕТКІЗБЕУГЕ УӘДЕ БЕРГЕНІ РАС ПА?
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Иранға қару жібермеуге уәде бергенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды. Десек те, Қытай тарапы бұл мәлімдемені әлі растамаған.
Бұған дейін америкалық БАҚ беттерінде Си Цзиньпиннің Иранға қару жеткізуді жоспарлауы мүмкін деген ақпараттар тараған болатын. Соның ішінде Қытайдың Иранға тасымалданатын зениттік зымыран кешендерін жіберуі ықтимал деген болжамдар айтылды. Трамптың осы мәселеге байланысты мәлімдемесі осыдан кейін жарияланды. Бұдан бөлек бұл тасымалды жасыру үшін Бейжіңнің үшінші елдерді пайдалануы мүмкін екені де айтылған. АҚШ президенті мұндай жеткізілімдер расталса, Қыт айды «айт арлықт ай қиындықтар» күтіп тұрғанын ескерткен. Қос мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескенде бұл мәселе де көтерілген. Трамптың айтуынша, Си Цзиньпин Иранға қару жеткізілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған.
ҰЛЫБРИТАНИЯ БАТЫЛ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Елдің премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына Ұлыбританияны тартудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол Америка көшбасшысы Дональд Трамп тарапынан қысым болғанын растап, өз ұстанымын өзгертпейтінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұны премьер-министр Ұлыбритания парламенті алдында сөйлеген сөзінде мысалға келтірді. «Мен пікірімді өзгертпеймін. Шегінбеймін!» деп мәлім етті Стармер. Премьердің айтуынша, оған көзқарасын қайта қарау үшін елеулі қысым жасалған. Осыған дейін Трамп Лондонның АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттерін жеткілікті қолдамай отырғанын айтып, екі ел арасындағы сауда келісімін қайта қарау мүмкіндігін меңзеген еді. Ст армер өз ке зегінде бұл қақтығысқа араласу Ұлыбританияның ұлттық мүддесіне сай келмейтінін шегелеп айтты. «Бұл соғысқа қатысу біздің ұлттық мүддемізге сәйкес келмейді, сондықтан біз оған араласпаймыз. Бұл – біздің соғыс емес», – деді ол.
ИЗРАИЛЬ МЕН ЛИВАН ОН КҮНДІК БІТІМГЕ КЕЛДІ
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 10 күндік бітім жариялау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген.
Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, бітім АҚШтың шығыс жағалауы уақыты бойынша жұмаға қараған түні күшіне енді. Трамп бұған дейін АҚШ-та Израиль мен Ливан өкілдері арасында соңғы 34 жылдағы алғашқы ресми келіссөздер өткенін еске салды. Сонымен қатар ол Ливан мен Израиль басшыларын Ақ үйге шақыру жоспары бар екенін де жеткізген. Айта кетейік, Ливандағы атысты тоқтату мәселе сі АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде де көтерілген болатын. Бұл келіссөздер Пәкістан астанасы Исламабадта басталғанымен, алғашқы кездесу нақты нәтиже бермеген. Жалпы, Ливан мен Израиль 1948 жылдан бері ресми түрде соғыс жағдайында. Соңғы тікелей келіссөздер 1993 жылы өткен болатын.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда қылмыстың қай түрі төмендемей тұр?
- Бүгін, 15:51
Соңғы қоңырау сән-салтанатсыз өте ме?
- Бүгін, 15:42
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




