Министрдің айтуынша, есепті жылы азаматтар мен ұйымдар үшін көші-қон саласында 23 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 13-і онлайн режимде қолжетімді болған. Бүгінде азаматтарына қағаз түрінде паспорттар мен жеке куәліктер беру, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру, уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН жасау және түзету секілді қызметтерге сұраныс артқан.
– 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarketте орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны орналастыруды осы айдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде екі жаңа процесс іске қосылады. Олар – ETA (Electronic Travel Authorization) – визасыз елдерге кіруге рұқсат беру; E-residency – шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік. Қазір бұл екеуі бойынша заңнамаға пысықтау жүргізіліп жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді, – деді Жаслан Мадиев.
Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті.
Бірінші бағдарлама тұруға ықтиярхатты толығымен онлайнформатта алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл үшін елімізге өз аяғымен келуі, ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңба алуы және кірісін растауы талап етілетін. Бүгінде бұл процесс толықтай қашықтан жүзеге асырылады.
Өтініш беру astanahub. com және egov.kz сайттары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖСН мен ЭЦҚ-ны шетелдік мекемелер арқылы да рәсімдеуге болады, кірісті растау енді талап етілмейді. Бұл шетелдік ІТ-мамандардың кіруін және заңдастыру мәселелерін айтарлықтай жеңілдеткен. Ал, екінші бағдарлама – цифрлық көшпенділерге арналған мамандандырылған виза елімізде өз мамандығы бойынша 1 жыл мерзімде жұмыс істеуге және елде әрі қарай тұруға ыхтиярхат алуға мүмкіндік береді. Ол онлайн рәсімделеді және ел аумағында алғаш рет цифрлық көшпенділердің еңбек қызметін заңдастырып отыр.
Бүгінде бағдарламаға қатысуға 204 өтінім түсіп, алғашқы 2 виза Алжир мен Ботсван азаматтарына берілген. Үкімет отырысы барысында Премьерминистр Олжас Бектенов көші-қон процесстерін ашық және дәл есепке алуды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
– Айта кету керек, соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны бір жарым есеге артқан. Заңды бұзу фактілері де бар. Мәселен, осы жылдың мамыр айында жедел профилактикалық шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың уақытылы жолын кесу керек. Ол үшін цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізу қажет. Мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізу үшін шекарадан өткен кезде берілетін көшіп-қонушының IDкартасын енгізу жұмысын жеделдеткен жөн, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Осы орайда Премьер-министр Еңбек және цифрлық даму министрліктеріне биылғы жылдың 1 қарашасына дейін барлық дерекқорларды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процестерін есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді тапсырды.
Нұрболат АМАНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




