Қазіргі таңда геопорталда тұрғындар үшін ашық картаға 124 қабат және қызмет бабында пайдалану үшін электрондық жабық картаға 700-ден астам картографиялық қабаттар енгізілген. Геопорталдың негізгі мүмкіндіктері мен жетістіктері ретінде бірқатар бастамалардың сәтті іске асқандығын атап өтуге болады. Мәселен, бұған дейін геопортал арқылы 260-тан астам отбасы баспаналы болғандығын жазған болатынбыз. Облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Шалқар Амантұровтың сөзінше, бүгінде ақпараттық жүйе арқылы мыңнан астам өтініш қаралған.
– Геопортал – біз үшін жай ғана карта емес. Бұл – басқару шешімдерін қабылдаудың, мемлекеттік қызметтерді ашық көрсетудің, цифрлық деректермен негізделген талдаудың тиімді құралы. Жалпы алғанда 20 мемлекеттік қызмет цифрлық форматта қолжетімді. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» және «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» қызметтері енгізілді. Осы уақытқа дейін бұл қызметтер бойынша 1064 өтінім келіп түсті. Оларды салалық бөлімдердің жауапты мамандары қарастырып жатыр, – дейді ол.
Басқарма басшысының сөзінше, геопорталдың қызмет көрсету аясын кеңейту бағытында көптеген жаңашыл жобалар іске асуда. Мәселен, портал арқылы тұрғындар өз сайлау учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы анықтай алады. Ал қалдықтарды басқару бойынша енгізілген «Қатты тұрмыстық қалдықтардың мониторингі» қабаты және «Telegram» арқылы жұмыс істейтін «Taraz_TBObot» пилоттық жобасы қоршаған ортаны бақылауда цифрлық әдістердің мол мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар «Smart mine» жобасы арқылы 164 жер қойнауын пайдаланушы есептерін геопортал арқылы тапсырған. 2023 жылы геопортал алаңында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» модулі де іске қосылды. Бұл модуль арқылы табиғи монополия субъектілерінің 6 саласы бойынша 17 қызмет автоматтандырылып, өтінімдер онлайн қабылдануда. Яғни, тұрғындар енді жылу, су, электр желісі секілді қызмет түрлерін бұрынғыдай қағазбастылықпен емес, цифрлық арнамен шешуге мүмкіндік алып отыр.
– Біз «e-jambyl.kz» платформасы арқылы жер қойнауын пайдалану есебінен бастап, тұрғын үй саласына дейінгі барлық мәліметті бақылауда ұстай аламыз. Ахуалдықаналитикалық дашборд жүйесі іске қосылып, барлық бағыттағы қызметтер туралы мәліметтерді, өтінімдер статистикасын, интернетпен қамту деңгейін, бейнебақылау ахуалын бір орталықтан көруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл құрал әкімдікке де, тұрғындарға да – бірдей тиімді, – дейді.
Ш. Амантұров. Геоақпараттық жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы, коммуналдық қызметтер, жастар бағдарламалары, экологиялық бақылау мен өнеркәсіптік мониторинг біріктірілген. Геопортал бүгінде тек облыс әкімдігінің немесе салалық басқармалардың емес, тұтас қоғамның цифрлық мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі бастама екендігін дәлелдеп келеді.
Нұрболат АМАНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




